Түркиядағы көтеріліс: Анкарада көшеде жиналуға тыйым салынды
Фото: Huseyin Aldemir/AP/picture alliance
Түркия билігі Анкара қаласында халықтың көшеде топ болып жиналуына тыйым салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске салайық, Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның басты оппозициялық қарсыласы Стамбұл мэрі Экрем Имамоғлы ұсталғаннан кейін жаппай наразылықтар басталған еді. Стамбұл мэрін 19 наурыз күні сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен өз үйінен ұстап әкеткен.
Көтеріліске шыққандар ел президентінің орнын босатуын талап етіп, Экрем Имамоғлыны президенттікке үміткер болуына шарт қойды. Соңғы мәліметтер бойынша, полиция 1100-ден аса адамды ұстады. Тұтқындар арасында журналистер де бар.
Түркия билігі жағдайдың ушығуына байланысты 1 сәуірге дейін Анкарада адамдардың жиналуына тыйым салды. Сонымен қатар үнпарақтар таратуға, баннерлер ілуге де жол жоқ. Бұған дейін Стамбұл мен Измирде осындай талап қойылған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық