Түркиядағы Айя София мешітіне кіру шетелдіктер үшін ақылы болады
Ыстамбұлдағы Айя-София мешітіне кіру 2024 жылдың 15 қаңтарынан бастап шетелдіктер үшін ақылы болады.
Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді.
Сонымен бірге құлшылық етуге келген түрік азаматтары үшін мешітке кіру тегін болып қалады. Туристер үшін Айя Софияға барудың қанша тұратыны әлі белгісіз.
«Біз Айя София мешітінде келушілерді басқару жүйесін пайдалануға көшеміз. Зияраттардың сапасы мен қауіпсіздігі артады»,- деді Мехмет Нури Ерсой.
1934 жылы Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен Айя София соборы мұражай мәртебесін алды.
Бірақ 2020 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұл жерді мешіт ретінде пайдалану туралы жарлық шығарды. Осыдан кейін Айя Софияға кіру барлық келушілерге, соның ішінде туристерге де тегін болды. Мешіт мәртебесін алғанға дейін мұражайға жазылып немесе кассадан билет сатып алып кіруге болатын еді.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын Анкараның Айя Софияның атын өзгерту туралы шешімі Грекияда наразылық тудырған болатын. Бұл екі ел үкіметтері қатаң мәлімдемелер алмасатын деңгейге жетті. Режеп Тайып Ердоған Айя софияда жұма намазына қатысып жатқанда, Грекиядағы шерушілер түрік туын өртеп жатты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық