Түркияда наразылық білдірген 1000-нан астам адам тұтқындалды
Фото: @worldprotest
Түркияда бүкіл ел бойынша бес күннен бері наразылық шерулері өтіп жатыр, мыңнан астам адам ұсталып, 123 полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Стамбұл мэрі әрі президенттің басты қарсыласы Экрем Имамоғлының тұтқындалуына қатысты шерулер Түркиядағы соңғы он жылдағы ең ауқымды бас көтеру. Шерулер 81 провинцияның кем дегенде 55-інде болып, ел аумағының үштен екісінен астамын қамтыды.
Наразылық білдірушілердің басты талабы – биліктің өз шешімінің әділетсіздігін мойындағаны.
Қамауға алынғанына қарамастан, Экрем Имамоғлы дүйсенбі күні Республикалық халық партиясы атынан (РХП) 2028 жылғы сайлауға президенттікке кандидаты болып бекітілді.
Ал Ішкі істер министрлігі демонстранттар наразылық білдіру құқығын «кері пайдаланып» жатқанын, ал «көшедегі террорға» жол берілмейтінін мәлімдеді. Ірі қалаларда полиция наразылық білдірушілерді көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарымен таратуға тырысуда.
Ердоған шерулерді айыптап, РХП-ны «бейбітшілікті бұзып, халықты бөлшектеуге тырысты» деп айыптады.
«Мен сіздерді азаматтардың тыныштығын арандатушылықпен бұзуды тоқтатуға бірнеше рет шақырдым. Егер сіздерде батылдық болса, жемқорлық, ұрлық, пара, заң бұзушылықтар туралы хабарлаңдар. Қазіргі тергеуде тағылған айыптар мен қамауға алынған адамдардың адалдығына кепілдік болса, ашық айтыңыздар. Егер бұлай істеу ниеті болмаса, адамдардың жүйкесіне тимеңдер. Жалған ұрандар мен менталитетке қарсы маргиналды солшыл ұйымдарды біздің полицияға қарсы қоймаңдар», - деді президент 24 наурызда халыққа сөйлеген сөзінде.
Тұтқындалған Имамоғлы өзінің адвокаттары арқылы X желісіндегі жазбасында ереуілшілерге сәлем жолдап, бұл наразылық сайлаушылардың Түркияны Ердоғанның басқаруына «тойғанын» көрсететінін айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық