Түркияда Ішкі істер министрлігінің жанында теракт болды
Түркияда Анкараның орталығында Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды. Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы мұны теракт деп атады.
Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Али Эрликая Анкара орталығында теракт жасаған екі лаңкестің есімін жариялады. Оның айтуынша, екеуі жарылғыш затты бөлімнің кіреберісінің дәл жанында іске қосқан.
«Сағат 09:30 шамасында ІІМ Бас қауіпсіздік басқармасының қақпасына көлікпен келген екі лаңкес жарылғыш затты іске қосқан. Лаңкестердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісі залалсыздандырылды» деп жазды Ерликая әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, атыс кезінде екі полиция қызметкері жараланған. Ішкі істер министрлігінің бас ғимараты орналасқан көше жарты сағаттан астам уақыт бойы қоршауға алынды. Куәгерлердің айтуынша, тұрғындар не болғанын бірден түсінбеген, көбісі қызығып терезелерінен сыртқа қараған.
Қазір елдің барлық арнайы қызметі, оның ішінде президент күзетшісі мен жарылғыш заттар жөніндегі сарапшылар аяғынан тік тұрды. Төтенше жағдай орнында басқа жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілуде.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді