«Түркияда болған теракт»: Билік кімнен күдіктенетінін айтты
Фото: ашық дереккөзден
Түркияның астанасында болған теракттың артында кім болуы мүмкін екені анықталып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
24KZ мәліметінше, түрік билігі Күрдістан жұмысшылар партиясын (PKK) кінәлап отыр. Анкараның Қахраманқазан ауданында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын түрік TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында жарылыс, артынан атыс болды.
«Шейіт болғандар ішінде такси жүргізуші ағамыз бар. Қалғандары – TUSAŞ қызметкерлері. Біздің полицейлер арасында шейіт болғандар жоқ, 7 қауіпсіздік сақшысы жарақат алды. Біреуінің жағдайы ауыр. Тағы біразы ауруханада жатыр. Түркия билігі Анкарадағы терактіні Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері жасаған деп болжайды», - деді Түркия вице-президенті Жевдет Йылмаз.
Қорғаныс министрлігі «PKK»-ның 32 позициясы жойылғанын хабарлады. Көптеген лаңкестің көзін жойған әуе операциясы әлі жалғасып жатыр. «PKK» Күрдістан жұмысшы партиясы сепаратистік лаңкестік ұйымы 35 жылдан астам уақыт бойы Түркияның шырқын бұзып, қарсы шабуылдар ұйымдастырып келеді. Олардың бұл лаңкестік әрекеттері мыңдаған адамның өмірін қиды.
Еске сала кетейік, кеше Анкарадағы Аэроғарыш компаниясы ғимаратының аумағында теракт болды. Қайғылы оқиғадан 5 адам көз жұмғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық