Түркия президенті елдегі конституцияны өзгертуге бекінді
Фото: ТРТ
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің Ата заңын өзгертуге бел буды. Ол он заңгерден тұратын сарапшылар тобы жаңа конституцияны талқылап жатқанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркия президенті Әділет және даму партиясының жергілікті төрағаларының кеңейтілген кеңесі отырысында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол елдің заңын қайта дайындау процесіне егжей-тегжейлі тоқталды.
«Мен он заңгерге заң жобасын дайындауды тапсырдым. Біз олардың қатысуымен конституцияға өзгеріс енгіземіз», — деді ол.
Оның айтуынша, заңды өзгертудегі басты мақсат - әскери төңкерістер дәуірінің ізі жоқ жаңартылған конституцияны дайындау. Президент 1982 жылғы конституцияда әскери режимнің қатаң талаптары барын айтты. Ал жаңа азаматтық конституция осы қалдықтардан арылуға мүмкіндік береді екен.
Президент осы процеске басқа парламенттік партиялар да қатыса алатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Түркия президенті жаңа конституция әзірлеу туралы бастама көтерген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық