Түркия азаматы қазақстандық бұрынғы әйелін әкесімен қоса сабады
Фото: freepik.com
Алматы облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды Orda.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Рафаил Қадыров қызымен қысқы демалысын өткізу үшін Алматыға келген. 67 жастағы ер адам бұрынғы күйеу баласынан қорлық көріп, ал қызы Наила Текинге пышақ сұққанын айтты.
Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін үй мен көлікті алу үшін соңынан қалмай қойған.
«Бұл үй менікі. Мен оны 13 миллион теңгеге алғанмын. Ал ол 1 млн теңге қосты. Енді осы үйді екіге бөлгісі келеді. Көлікті де мен алғанмын. Ол көлігімнің дөңгелектерін кесіп тастапты», - дейді Наила.
Әйел полицияға арыз жазды. Ер адамның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ер адам бұрынғы әйелінің үйіне досымен бірге келген. Досы Тәжікстан азаматы екен.
«Тәжікстан азаматына қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Түркия азаматына қатысты полиция бұрынғы жұбайына және оның әкесінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру, сондай – ақ заңсыз бас бостандығынан айыру фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде», деп хабарлады полиция.
Наиланың бұрынғы күйеуі тергеу изоляторында отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық