Түркі инвестициялық қоры ресми түрде іске қосылды
Фото: Үкімет
Ыстамбұлда Түркі инвестициялық қорына (TIF) мүше елдер Басқарушылар кеңесінің бірінші инаугурациялық отырысы өтті.
Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров кеңестегі Қазақстанның өкілі болды.
Түркі инвестициялық қоры түркі әлемі елдерінің экономикалық интеграциясының алғашқы бірлескен қаржы институты. Оның бастапқы капиталы 500 миллион АҚШ долларын құрайды. Түркия Қаржы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың соңына қарай түркі мемлекеттері әлемдік экономикада маңызды орынға ие болып, экономикалық көлемі 1,9 триллион долларға және халқы 178 миллион адамға жетеді.
Нұрлан Байбазаров Қазақстан үшін түркі интеграциясын дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.
Қор жұмысы әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Олар инфрақұрылым, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, туризм, IT сияқты салаларды қамтитын болады.
Қор аясындағы ынтымақтастық Қазақстанға әлеуметтік маңызды жобаларды іске қосу үшін қаржыландыру, гранттар және техникалық көмек алуға, сондай-ақ түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық