Түрікменстанның экс-президентінің қызы вице-президент болып тағайындалды
Фото: ҚР президентінің баспасөз қызметі
Түрікменстанның бұрынғы президентінің қызы әкесінің атындағы қордың вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Түрікменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің үлкен қызы Огулжахан Атабаева әкесінің қайырымдылық қорының емдеу істері жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды.
Тurkmen.news басылымының мәліметіне қарасақ, бұл қор қамқорлыққа мұқтаж балаларға көмек көрсетумен айналысады. Тағайындау туралы шешім 7 желтоқсан күні Аркадаг қаласында өткен қор басқармасының отырысында қабылданды.
Бұған дейін Огулжахан Атабаева мен оның күйеуі Довлет Атабаев Ұлыбританияда тұрған. Довлет Түрікменстанның Лондондағы елшілігінде кеңесші қызметін атқарған.
Қазір ерлі-зайыптылар Түрікменстанға оралды. БАҚ мәліметінше, Атабаев ресми түрде Мемлекеттік құрылыс комитеті басшысының кеңесшісі ретінде тіркелгенімен, шын мәнінде Аркадагтағы медициналық нысандарды қадағалайды.
Айта кетейік, Аркадаг – Түрікменстанның маңызды жобаларының бірі. Оған Бердімұхамедовтер отбасы белсенді қатысып келеді. Огулжахан Атабаеваның бұл қызметке тағайындалуы олардың ықпалының әлі де күшті екенін көрсетеді.
Жаңалықтар
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
- Үкіметте тротуармен жүретін самокатшылардың мәселесін шешу тапсырылды
- Дубайда 22 жастағы қазақстандық не үшін өмірбақи сотталып, 300 млн айыппұл арқалады?
- Жапонияда жойқын жер сілкінісі: Цунами қаупі жарияланды
- Қырғызстан президенті Шахановтың қазасына көңіл айтты
- Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
- Алматыда көкке шығып, серуендеуге лайық әрі таптырмас 5 орын
- Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
- Үй, көлік, қомақты ақша ұсынды: Қонаевта бойжеткен зорлық көргенін айтты
- «Мектепке шабуыл жасалады»: Түркияда күдікті хабарлама жазғандардың бәрі ұсталып жатыр
- Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жарияланды