Түрікменстанда Сердар Бердімұхамедовке «сұлтан» атағын беру ұсынылды
Фото: minval_az
Түрікменстанда елдің қазіргі президенті Сердар Бердімұхамедовке «сұлтан» атағын беру, ал билік басындағы Бердімұхамедовтер әулетіне «мәңгілік шаһтар» мәртебесін бекіту туралы бастама көтерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл жөнінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Ұсыныс 29 маусым күні жаңа Аркадаг қаласында өткен салтанатты шарада айтылды. Іс-шара Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің туған күніне арналды. Түрікменстанның халық әртісі Джемал Сапарова мерекелік концертте:
«Тұрыңдар, Сердарға бас иіңдер. Ол өмір бойы патша болсын. Сұлтанды таққа отырғызыңдар!» деген жолдары бар ән орындады.
Көп ұзамай бұл әннің бейнежазбасын «Аркадаг» телеарнасы жариялап, композиция бірден танылып кетті. Қазір оны өзге де әртістер де жиі орындап жүр.
Ресми түрде бұл ұсынысқа қатысты түсініктеме берілмегенімен, бастаманың қоғамда қызу талқыланып жатқаны байқалады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық