«Тыныш жүр дедік қой»: Шымкенттегі тәуелсіз журналист тағы қысым жасап жатқанын айтты
Фото: Facebook / Мөлдір Нұман
Шымкент қаласында су мәселесін көтергені үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған тәуелсіз журналист Мөлдір Нұрман тағы да полиция қысымына тап болды. Оның айтуынша, бұрын тоқтатылған іс бойынша тергеу қайта жанданған. Ақыры журналист президентке бейнеүндеу жолады, деп хабарлайды Orda.kz.
Мөлдір Нұрманның мәлімдеуінше, Шымкенттегі «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС жеке кәсіпорны 30 жыл бойы қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп келген. Алайда әкімдік билігі ауысқаннан кейін бұл мекеме қаланың меншігіне өтті. Осы үдерістің ашықтығына күмән келтірген журналист су саласындағы зерттеуін жариялап, биліктің назарын аудартқан болатын.
«Мен сол мәселені көтеріп жүрген адаммын. Ел бойынша осы су мәселесін зерттеп жүрген маман емеспін, журналистпін. Бірақ мамандар үндемеген соң біз қозғаймыз. Бұрын қозғалған іс жабылған. Енді полицей келіп, «филологиялық сараптамадан бірдеңе тауып алдық, кешірім сұрауың керек» деп отыр», – деді журналист.
Ол сондай-ақ қысым көрсетіп, әлеуметтік желідегі белсенділігін шектеуге тырысқанын айтады. Нұрманның айтуынша, әкімдікке қатысты сын пікірлерін жариялағаннан кейін оған ескерту айтылған.
«Tiktok-қа пікір жазсам, «саған тыныш жүр дедік қой» дейді. Сонда халықтың ақшасына жұмыс істейтін мекемелерді сынауға болмай ма? 40 миллиард теңге бөлінген жұмыстарды неге тексермейді? Күнде бір оқыс оқиға. 6 жасар бала шұңқырда тұншығып өлді. Тассайындағы жол опырылып жатыр. Кеше ғана көп балалы, жесір әйелдер әкімдікке кіре алмады. Әкім солардың алдына шығуға жарамады ғой», – деді ол.
Журналист Шымкенттегі жол инфрақұрылымының нашарлығы мен балалардың өліміне әкеп соққан оқиғаларға да осылай тоқтала кетті. Оның айтуынша, осы мәселелердің бәрі әкімдіктің тікелей жауапкершілігінде, бірақ қоғам сын айтса, «қара тізімге» ілігеді.
«Біз халық пен билік арасындағы алтын көпірміз. Қоғамдық бақылау туралы заң бар. Мемлекеттік мекемелердің жұмысын бақылауға, атқарушы билікке сұрақ қоюға құқығымыз бар», – дейді ол.
Мөлдір Нұрман бұған дейін Шымкент, Тараз және «Қазақстан» ұлттық телеарналарында журналист болып қызмет еткен. Оның үстінен қозғалған қылмыстық іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 274-бабы – «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша тіркелген еді. Міне сол істі қайта ашып, «филологиялық сараптамадан бірдеңе» шықты деп қайта полицейлер үйіне келген. Журналист өзінің Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жариялады. Бейнежазбада оның ашынып сөйлегені, көзіне жас алғаны көрінеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық