Тығылмақ ойнап, тоққа түскен баланың әкесі дәрігерлерді жауапқа тартуды сұрады
Атырауда 10 жасар баланы тоқ соғып көз жұмды. Оқиғаның мән-жайы анықталды. Баланың әкесінің айтуынша, жедел жәрдемде баланың тамыр соғысы әлі болған, бірақ жедел жәрдем қызметкерлері оның олар келгенше қайтыс болғанын алға тартып отыр.
Ақ Жайық басылымы марқұм баланың әкесімен байланысқа шыққан.
30 қазан Атырау тұрғыны Сергей Писарев Бесікті ауылына жұмысқа кеткен, жұбайы үшінші баласын босанып ауруханада жатқанын. 10 жасар ұлы Наиль әжесімен үйде қалып, тығылмақ ойнап, тоңазытқыштың артына тығылған кезде оны тоқ соққан. Әжесі дереу жедел жәрдем шақырып, жасанды тыныс алдыруға кіріскен. Бала демала бастаған.
«Үйімізде не болып жатқанын көршілер көрді. Жедел жәрдем тез келді, дәрігерлер баланы меніңқолымнан алып, онымен бірге көлікке қарай жүгірді. Оған массаж жасалып, оттегі берілмеді. Баламды алып кетті. Алып кетті де, артынша қайта әкелді. Ол бұған дейін көз жұмғанын айтты», - дейді марқұмның әкесі.
Писаревтің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері полиция шақырған. Кейін олар баланың денесін мәйітханаға жеткізген.
«Мен сараптама жүргізуге қарсы болдым. Бірақ олар мені «анапсия болмайды» деп алдап, оны сол жерде бөлшектеп тастады. Олар бала жедел жәрдем келгенше бақилық болды деп өтірік айтты. Неге бұлай істеп жатыр? Мен олар қызметкерлерінің кәсіби кемшіліктерін жасыру үшін осындай қадамға барғандарына сенімдімін. Мен қанішер емеспін, бірақ дәрігерлердің біліксіздігі үшін жауап беруін сұраймын. Егер олар бәрін дұрыс жасаса, менің баламның тірі қалуға мүмкіндігі болар еді», - деді Сергей Писарев.
Ер адам фельдшерлерді заң бойынша жазалау үшін полиция бөліміне арыз жазған.
Дәрігерлер келгенше баланың көз жұмғаны рас па?
Облыстық жедел жәрдем станциясы «қазір полиция Писаревтің мәлімдемесін қарап жатқандықтан, ешқандай түсініктеме бермейтіндерін» айтқан. Сондай-ақ, облыстық жедел жәрдем станциясы Балықшыға барған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
Баланың әжесі де «ауруханаға бара жатқан жолда дәрігерлердің ине салғанын» айтқан.
«Мен олармен бірге барғанымда, оларда оттегі болған, бір дауыс шығып тұрды. Ол жақсы дыбыс еді. Біраз уақыттан кейін олар менің немеремнің дәріге аллергиясы бар ма деп сұрады. Кененттен ауруханаға жақындап қалғанда көлік тоқтап қалды. Олар: «Оны қайта апарамыз, тамыр соғысы жоқ» деп айтты, - дейді марқұм Наильдің әжесі.
Баланың туыстары балаға жедел жәрдем көлігінде қандай дәрі егілгенін анықтауға тырысқан. Бірақ сараптама ештеңе анықтамаған.
Еске салсақ, қайғылы оқиға 30 қазан орын алған. Атырау облысының полиция департаментінің айтуынша, 2011 жылы туған бала тоңазытқыштың артына тығылып, сол жерде оны тоқ соққан.
«Жедел жәрдем пультіне сағат 14:45-те қоңырау түсті. Бригада 14:51-де оқиға орнында болды. Бала жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Баладан дене жарақаттары табылмады. Мәйіт сараптамаға жіберілді. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде» делінген полиция хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық