Туған өлкеде өтетін бокс: Тұраров vs Менесес
21 наурызда Қазақстан үшін тарихи жекпе-жек өтеді. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Алехандро Менесес титулға үміткер Жанқош Тұраровпен рингте кездесу үшін Алматыға келген. Қазақстан чемпионды қарсы алуға қандай дайындық жүргізгенін біз ұсынған материалдан оқыңыз.
Алдағы уақытта өтетін жекпе-жекті Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған оқиға деп атауға болады. Қазіргі әлем чемпионы өз белбеуін туған жерінде емес, бейтарап аумақта емес, үміткердің аумағында қорғайтын бірінші жағдай болып отыр. Көрермендерді алдағы жекпе-жекке «қыздыру» үшін, бұл күні жұлдызды боксшылардан басқа, қазақстандық боксшылардың 12 жұбы өнер көрсетеді. Турнир ұйымдастырушысы MOVIDA Promotions компаниясы.
«Бұған дейін Қазақстанда мұндай деңгейдегі жекпе-жек неліктен өткізілмеді?» осы сұраққа MOVIDA өкілдері жауап берді:
«Кез-келген ауқымды іс-шараны, әсіресе атақты шетелдік боксшыны шақыруды ұйымдастыру көп қаражат талап ететінін түсіну керек. Жалпы сомаға шақырылатын қонақтың ақысын, сапар шығындарын, жатын орнын есепке алмағанда, өткізілетін іс-шараның орнын жалға алу, хабар таратуды ұйымдастыру, жабдыққа, лицензияларды сатып алу және т.б. шығыстары кіреді. Қазақстандық бокстың басты мәселесі-жас спортшыларды қаржыландыруының жоқтығы және жалпы көпті қызықтыратын жекпе-жектің болмауында. Осының барлығы ұйымдастырушылар мен олардың серіктестерінің есебінен іске асырылатынын айта кеткен жөн».
Бұл компанияның ауқымды шайқастарды өткізудегі алғашқы тәжірибесі емес. Осыған дейін, олар 2022 жылдың желтоқсанында бокстан әлемнің 200-ден астам елін қамтитын DAZN ағынды платформасында ірі турнир ұйымдастырған болатын. Жоспарланып отырған жекпе-жек те сондай шаралардың қатарынан болып отыр – DAZN платформасында көрсетілімді ағылшын тілінде, сондай-ақ Хабар телеарнасында қазақ және орыс тілдерінде тамашалауға болады.
– Қазіргі әлем чемпионын Қазақстанға әкелу жаңа деңгей болып отыр. Көпшілік мұндай жекпе-жектер әдетте Вегаста немесе Лондонда өткізіледі деген ойға үйреніп қалған, ал бұл жолы осындай деңгейдегі жекпе-жек біздің елімізде өтеді. Оған қоса, біздің боксшылар жүз миллиондық көрермені бар DAZN аудиториясына өз өнерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Біз қазақстандық боксшылардың бүкіл әлемге танымал болғанын қалаймыз және оларға өздерін таныту мүмкіндігін ұсынамыз, – деді «MOVIDA promotions-тың» басшысы Қалдияров Әлімжан.
Жекпе-жек Алматының спорт және мәдениет сарайы «Almaty Arena» рингінде өтеді. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін аренада қосымша жарық және дыбыстық жабдықтар, медиакубтар мен 3 медиажазбалар орнатылады. Залды 13000-ға жуық көрермендермен қамту жоспарлануда. Алдағы жекпе - жектің серіктесі -халықаралық беттинг компаниясы «Parimatch Kazakhstan» өткізілетін іс-шараға қатысты келесідей түсініктеме берді:
– Бокс-Қазақстанда танымал спорт түрі. Біздің боксшыларды бүкіл әлем таниды және жақсы көреді. Мұндай деңгейдегі жекпе - жек біздің еліміз үшін көптен күткен оқиға деп айту артық емес. Жерлес спортшыларымыз үшін шетелге барып жанкүйер болу, әркімнің қолынан келе бермейді, ал осы мүмкіндік әркімге қолжетімді. Parimatch бренді бұл шараға қолғабыс ете алғандығы бізді қуантады, ал брендтің «Баршаға спорт!» атты ұраны осы оқиғаның жарқын бейнесі болып табылады, өйткені спорт әркімге қолжетімді болуы тиіс, – деп «Parimatch Kazakhstan-ның» бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева өз ойымен бөлісті.
Боксшылардың алғашқы кездесуі мен көз арбасуы 20 наурызда алдағы жекпе-жекке арналған баспасөз мәслихатында өтеді.
Жаңалықтар
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?