«Туысыма үйлендім»: Пәкістан қазақтары қалай күн кешіп жатыр?
Коллаж Orda.kz
Құжаты болмай, бір ғасырдан астам уақыт бойы тентіреп жүрген Пәкістандағы ат төбеліндей қазақтың жағдайын жақында саяхатшы Санат Ілияс біліп қайтыпты. Ол youtube арнасында Пәкістанның Карачи деген қаласына саяхаты жайлы жариялаған болатын.
Orda.kz осы бейнежазбадан Пәкістандағы қазақтардың жағдайы туралы қысқаша ақпарат ұсынады.
Жүз жылдың алдында кеңес одағынан көрген қорлыққа төзбей, билікке бағынбай босып, көшіп кеткен елдің біразы қазір осы Пәкістанда. Сонша уақыт өткенше қазақтар барынша тілін, дәстүрін, болмысын сақтап қалуға тырысыпты.
«Қазақстанға оралғымыз келеді»
Халықтың негізгі тілеуі — елге оралу. Құжаты болмаған соң, жағдайлары өте төмен.
Сондықтан балаларын оқыта да алмай жатыр.
Отбасылардың бәрі көпбалалы, бір үйде кемі 6-7 бала бар.
Тұрғындар балаларының хат танымайтынын, көшеде ойнап өсететінін және медресеге баратынын айтты.

Тұрғындар бір-бір жарым жасқа дейін балаларын бесікке жатқызатындарын айтты.
Құжаты болмай, қор болған қазақтардың дүние-мүлкі өз атында емес екен. Әлдене сатып алса, міндетті түрде Пәкістан азаматын әкеліп, соның атына жазуы керек. Қолдарында «босқын» куәліктері бар.
Жақында үйін біреу тонап кеткен тұрғын полицияға арыз да жаза алмаймыз деп отыр. Келіп баскесерше мылтықты тақап тұрып, заттарын алып кетеді екен.
Олар елге оралу үшін арыз жазғандарын айтты. «Ауғансыңдар» деп шыққан соң, ДНҚ тестін жасатып, өздерінің қазақ екенін дәлелдепті.
Карачи қаласында қазіргі таңда қырықтан астам отбасы тұрып жатыр. Кейбір қазақша сөздері ұғынықты болғанымен қазақ тіліне ұқсаңқырамайды.
«Қазақша мектеп жоқ. Біздің балаларымыз қазақ тілін жоғалтты. Біз де тілімзден айрыла бастыдық», — деді Пәкістан қазағы.
«Ұлтты сақтап қалу»
Бір қызығы, Пәкістан елінің салтымен жүріп, солардың тілінде сөйлеп, соларша киінетін қазақтар басқа ұлтқа қыз бермейтінін айтады. Олар тек өз жұртынан қыз алған қырықтай отбасының арасында қан жақындығы бар екенін мойындайды. Санат Ілияс бұның бәрі ұлтын сақтап қалу қамы екенін атап өтті.
«Әйелдер бөтен еркектің көзіне көрінбейді»
Сонымен қатар әйелдер басқа ер адам келгенде үйден шықпайды. Пәкістандағы ереже бойынша әйелдерге «ер адамның көзіне көрінуге» болмайды. Қонақ келсе, ер адамды ер адам, әйел адамды әйел адам қонақ етіп, күтіп алады.
Соның өзінде бетін тұмшалаған қарт ана шығып, сөз сөйледі.

«Менің өз елімізге, ағайындарға, қауымымызға жетсек деген арманым бар», — деді қарт ана.
Сондай ақ, ол бірнеше әйел алған тұрғындар бар екенін айтты.
Бұл саяхаттан шетелде қалып қойған қазақтардың ауыр хәлін көруге болады. Олар 40 жылдан бері тілін, дәстүрін, болмысын, қанын сақтап қалу үшін өз беттерінше күресіп келеді. Енді қашанғы өзге елде жүре бермек?
Ендігі бір ширек ғасырда тілі де, болмысы да жойылуға шақ тұрған қазақтар атамекенге, қазақ еліне оралғысы келеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық