«Туысым прокурор»: Қарағандыда колледж студентін зорлаған 5 жасөспірім жазадан құтылмақ
Фото: Pixabay
Қарағандыда колледж студентін зорлады деген күдікпен бес жасөспірім тергеліп жатыр. Қыз түнгі клубтан кейін жалдамалы пәтерде есін жиған. Бірнеше жігітті және өзінің жалаңаш жатқанын байқаған. Тергеу жеті айдан бері жүріп жатыр, бірақ күдіктілердің көбі еркіндікте жүр, деп хабарлайды Orda.kz.
Patriot Telegram-арнасының мәліметінше, Қарағандыда бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен тергеліп жатыр. Кәмелетке толмаған колледж студенті құрбысымен бірге «Инфинити» түнгі клубына барған. Ал есін жиған кезде жасөспірім жалдамалы пәтерде, жалаңаш күйде, бірнеше жігіттің ортасында ояныпты.
Қыздың ата-анасы болған жағдайды WhatsApp-та сұмдық оқиғаның бейнежазбасы тарағаннан кейін білген. Бейнежазбада мас қыздың дәрменсіз халін бір жігіт түсіріп алыпты, осыдан кейін ата-анасы Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне арызданды.
«Сол кезде алғашында үш күдіктіні изоляторға жапқанымен екеуіне мүлде бұлтартпау шарасы қолданылмады. Олар еркіндікте жүр. Арада алты ай өткен соң, тергеушілер қамауда отырған үшеуін де босатқан. Себебі, ұстау мерзімінің уақыты біткен», — дейді жәбірленушінің әкесі.
Қазір істің тергеліп жатқанына жеті ай болды. Тергеудің неге созылып кеткені белгісіз. Бір жағынан тергеушілердің жұмысы көп дейді, ал кейбір деректерге сүйенсек, күдіктілердің бірі Қарағанды облысындағы аудан прокурорының туысы көрінеді. Енді істі Қарағанды облыстық полиция департаменті жүргізіп жатыр.
«Бізге жеткен мәлімет бойынша, күдіктілердің туыстары оларға ештеңе болмайтынына сенімді. Себебі олардың прокуратурада, ҰҚК-де, құқық қорғау органдарында таныстары бар деп айтып жүр екен», — дейді қайғыдан қан жұтқан әке.
Сонымен қатар, әкесі қызының «құрбысы» неге іс бойынша жауапқа тартылмағанына наразы. Себебі дәл сол қыз пәтерге жігіттерге апарып кездесуді ұйымдастырыпты. Ал ол қыздың өзіне ешкім тиіспеген. Оның үстіне, сол түні бір жігіт оның Kaspi Gold картасына ақша жіберген. Әкесінің айтуынша, бұл — «ауыз бастырық», яғни қызға ештеңе айтпауы үшін берілген ақша.
Сондай-ақ, қыздың отбасы оқиғадан кейін Damumed жүйесі арқылы біреулер оның медициналық деректеріне кіргенін анықтапты.
«Мүмкін, дәрігерлердің қорытындысын біліп, тергеуге қысым жасау үшін кірген болар», — дейді қыздың әкесі.
Зардап шеккен қыз әлі күнге дейін қалыпты өмірге орала алмай жүр. Қазіргі уақытта ол психологтың бақылауында. Алда сот процесі тұр. Сот шешімінің қаншалықты әділ боларын уақыт көрсетеді деп айтты қыздың ет жақындары.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық