«Туыстары мен кәмелетке толмағандар»: Түркістан облысында мүгедек жігітті 6 адам зорлап келген
Фото: freepik.com
Түркістан облысында 6 ер адам мүгедек жігітті зорлаған. Олардың арасында кәмелетке толмағандар да бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Не молчи» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Екі күн бұрын жігіттің туыстары қоғамдық қорға жүгінген. Мүгедек жігіт - 24 жаста. Оның ақыл есі шамамен 3-4 жастағы баламен тең деп бағаланған. Ол санауды білмейді, күн мен уақытты ажырата алмайды, сәби сияқты ойлайды. Ал жігіттің отбасы Шымкенттен екі сағаттық жерде тұрады екен.
«Не молчи» қорының мәліметінше, жігіт болған жағдайды анасына айтқан. Себебі жігітте қатты ауырсыну болыпты. Жігіттің айтуынша, оны 5 жігіт бірнеше уақыттан бері зорлап келген. Соңғы рет ақпан айында зорлаған. Оның төртеуі ересек адам болса, екеуі әлі кәмелетке толмаған балалар екен.
Бұл сұмдық жағдай туралы бүкіл ауыл естиді. Содан кейін жігітті зорлағандар айыптарын бірден мойындап, кешірім сұраған. Ең масқарасы жігітті зорлағандардың төртеуі оның туысы болып шықты. Жағдайды естігеннен кейін, мүгедек жігіттің әкесі зорлаушыларды «балталап өлтіремін» деп шу шығарыпты.
«Біз осындай зорлық оқиғалардағы бірінші рет әділ ата-ананы көрдік» деп жазды қоғамдық қор.
Кейін анасы арыз жазған. Өтініш алдымен қабылданбаған. Полиция жігіттің анасына бұқаралық ақпарат құралдарымен сөйлеспеу және таратпау керегін айтып, айыппұлмен қорқытқан. Енді «Не молчи» қоры бүкіл жауапты адамдардың бұл істі майшаммен қарауын талап етіп отыр. Әрі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевадан бұл отбасыға толық қолдау көрсетуді сұрады.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 17 жастағы жігіт мектеп оқушысын бірнеше рет зорлап, өліп аламын деп қорқытқанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық