«Туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр»: Шымкентте жас келіншек босанғаннан кейін қайтыс болды
Фото: Зарина Сұлтанның туыстары ұсынған сурет
Шымкентте 28 жастағы Зарина Сұлтан босанғаннан кейін көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өлімі № 1 қалалық перзентхана дәрігерлерінің немқұрайлылығынан болды деп есептейді, деп хабарлайды Orda.kz.
Зарина 20 тамыз күні босанып, дүниеге ұл бала әкелген. Басында оның жағдайы жақсы болыпты. Біраз уақыттан кейін келіншектің қызуы көтеріледі. Дәрігерлер инъекция салған. Осыдан кейін жас ананың жүрегі үш рет тоқтап қалған.
Марқұмның туыстары алғашқы көмек уақытында көрсетілмегеніне наразы.
Дәрігерлер Заринаның туытсарына: «Сіздер қол қойсаңыздар да, қоймасаңыздар да, біз жатырды аламыз. Біз Алматы, Астанадағы дәрігерлермен Zoom арқылы сөйлесіп отырмыз. Олар жатырды алыңыздар деп айтты» деген.
Босанғаннан кейін жансақтау бөлімінде жатқан жас ана бір айдан кейін қайтыс болды. Оның артында күйеуі мен екі ұлы қалды. Енді оның отбасы сол ауысымда кезекші болған барлық дәрігерлерді жазалауды талап етеді.
«Біз дәрігерлердің қызымның өлімі үшін жауап бергенін қалаймыз. Мұндай жағдай қайталанбайтынына кім кепілдік береді?!», – дейді Заринаның анасы Нышангүл Тулеева.
Қазір полиция әйелдің қайтыс болу жағдайын анықтап жатыр. Ал перзентхана орталығындағы дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады деп мәлімдеді.
«Біздің мамандар науқастың өмірі үшін соңына дейін күресті. Барлық әрекеттер клиникалық хаттамаларға сәйкес келді. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр. Қорытынды сот-медициналық сараптама нәтижелерінен кейін анық болады», – деді бас дәрігердің орынбасары Ақмарал Махашева.
Зарина Сұлтанның өзі де Алматыдағы медициналық университетті бітірген, дәрігер болып жұмыс істеген екен. Жақында ғана олар жаңа үйге көшкен. Бірақ ол үйде қоныс тойдың орнына оның жерлеу рәсімі өтті.
Айта кетейік, 9 қазан күні Павлодарда ер адам отбасын өрттен құтқарып, өзі ажал құшты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық