Туыстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды
Алматы облысының Талғар ауданында туыстар арасындағы түсінбеушілік адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ORDA.
Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 ақпан күні Тұздыбастау ауылындағы жанар-жағармай бекеті аумағында ер адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары марқұмның 48 жастағы Байбұлақ ауылының тұрғыны екенін анықтаған.
«Зорлықпен өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні жедел анықтау шаралары барысында 29 жастағы жігіт ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты таратылмайды»,- деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиядин.
Күдікті тергеу барысында кінәсін толығымен мойындаған. Ол марқұмның жақын туысы болып шықты. Ұзақ уақытқа созылған туыстар арасындағы кикілжіңнің соңы өліммен аяқталған.
«Тергеу барысында 1992 жылы туған жігіттің неге қылмысқа барғаны анықталады. Туысымен сөзге келіспей қалған ол ашуға бой алдырып, қолындағы пышақпен дене жарақатын салғаны белгілі болды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,- деп толықтырды Жанболат Зиядин.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық