«Тұтынушыға делдалсыз!»: Алматыда «Ауыл» партиясының митингісі өтті
Сурет: Orda.kz
«Сарыарқа» кинотеатрының артындағы алаңға жиналған 150-ге жуық партия жақтастары «Бағаның қымбаттауына делдалдар кінәлі!», «Өнім сөреде өспейді!», «Алыпсатарлардың дәуірі жойылсын!» деген плакаттар ұстаған.
Наурыздың 11-і күні Алматыда «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының «Тауар өндірушілердің өнімдері қажетсіз делдалдарсыз сауда сөрелеріне тікелей жетуі тиіс» тақырыбында ауыл тауар өндірушілерін және делдалсыз сауданы қолдауға арналған үгіт-насихат жиыны өтті.
Жиын басында «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев сөз сөйлеп, дедалдар кесірінен диқандар тап болып отырған қиындықтар туралы мәселе көтерді.

— Қарапайым адамның, диқанның, тракторшының, ауыл жұмысшысының еңбегі құнсызданды. Бұл адамдар 20 миллион азаматты өз өнімімен асырайды. Аязды -40°С-та, шыжыған +40°С-та да мал бағу, егін егу қаншалықты қиын екенін әрбір шаруа біледі. Соған қарамастан, оның өз өнімін сатуға арадағы алыпсатарлар мен делдалдар кесірінен мүмкіндігі жоқ. Қазір барлығы нарықтық экономика деп айтып жатыр. Егер солай болса, дәл қазір әрбір өндіруші өз өніміне ие болуы керек, - дейді Дайрабаев.
«Ауыл» партиясынан Алматы қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Бақытбек Еңберген партияның отандық өнім түрлерін көбейту жолындағы жоспарлары туралы айтты.
— Өнім бағасы жыл сайын 20-30 пайызға көтеріледі. Бақылаймыз деп уәде береді, бірақ мүмкіндік керек. Өнімді, ең жоғары сұрыпты ет өндіру мүмкіндігін берсін. Тіпті 200 миллион адамды қамтамасыз етуге болады. Біздің партия өнім өндіруді қалай арттыру керектігін біледі. Біз тіпті осында тұрған әрбір адамның біздің ауылдардан тікелей табиғи өнімдер сататын дүкен ашуға қол жеткізгіміз келеді, - деді кандидат.
Сөйлеушілердің әрқайсысының сөзі аяқталғаннан кейін жиналған жұртшылық «Ауыл төрге шықсын!», «Ауыл!» деп ұрандатып тұрды.

Жиын барысында «Ауыл» партиясынан Алматы қаласы Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия белсенділері, сондай-ақ қала тұрғындары сөз сөйлеп, ауылдар мен ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды қолдады.
Көпшілік нарықтағы көкөністер мен жемістердің басым бөлігі шетелден әкелінетінін, ал Қазақстанда бүкіл елді азық-түлікпен қамтамасыз етуге барлық мүмкіндік бар деген мәселені көтерді.
Жигули Дайрабаев жиын соңында Франклин Рузвельттің «Егер фермер бүгін өлсе, ертең бәріміз де өлеміз» деген сөзімен аяқтады.

Жиын соңы көпшіліктің сұрауы бойынша Қазақстанның әнұранын орындаумен аяқталды.
Бір күн бұрын Жигули Дайрабаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының әл-ауқаты туралы тақырып көтеріп, партияның алғашқы Агробанк құру жоспарымен бөліскен болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық