«Тұтқындар әлі көп болады»: Сербия президенті Белградтағы түнгі қақтығыстарға пікір білдірді
Фото: Facebook Александр Вучич
Бұл туралы Александр Вучич 29 маусымда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Novosadska TV арнасына сілтеме жасап.
Жексенбі күні күндіз Сербия президенті өткізген баспасөз мәслихаты бірнеше мәселеге арналды, бірақ Вучич негізінен өткен түнде Белградта наразылық білдірушілер мен полиция арасында болған қақтығыстар жайлы айтты.
Вучичтің айтуынша, өткен түні серб мемлекеті наразылыққа қатысушыларды жеңді. Алайда, оның пікірінше, оппозиция өкілдері полицияның шығуына әдейі итермелеп, күштік құрылымдарға шабуыл жасауды бірінші болып бастаған.
«Әрине, өткен түнде полицияға шабуыл жасағандарға қатысты айтар болсам, тұтқындалатындар әлі де көп болады, бұл соңы емес. Басқа қатысушылар анықталып жатыр», – деді Сербия президенті.
Сол баспасөз конференциясында ішкі істер министрі Ивица Дачич жараланғандар мен ұсталғандар бойынша жаңа мәліметтерді жариялады:
48 полиция қызметкері мен 22 бейбіт тұрғын жарақат алған,- 77 адам ұсталды, оның ішінде 38-і қамауға алынды, ал 26 адамға қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, Вучич қақтығысқа қатысқандарды кешірмейтінін мәлімдеді.
28 маусым күні Сербия астанасы Белградта үкіметке қарсы жаппай наразылық шеруі өтті. Полицияның мәліметі бойынша, көшеге шамамен 36 мың адам шыққан. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл сан төрт есе көп болуы мүмкін.
29 маусымға қараған түндегі қақтығыстар – Сербияда бірнеше айға созылған наразылықтардың шарықтау шегі болды. Бұл толқулар 2024 жылдың соңында Нови-Сад қаласындағы вокзалдың төбесі опырылып құлағаннан кейін басталған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық