Тұтқындағы дауыс: Ирак түрмесіндегі алты әйел Қазақстан билігінен көмек сұрайды
Фото: Orda.kz
Бағдат түрмесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, оның 8-ші жылын өтеп жатқан алты қазақстандық әйел бар. Олар терроризмге көмек көрсету айыбымен сотталған. Алайда құқық қорғаушылар тергеу мен соттың заң бұзушылықтармен өткенін, қыздарда адвокат болмағанын айтады. Олар Қазақстан билігінен көмек сұрап, шырылдап отыр. Толығырақ Orda.kz материалында.
Марзия Медетова қызы Роза Мансурованың бір кездері күйеуінің артынан еріп, исламды қабылдағанын айтады. Намаз оқи бастағанда, анасы кедергі келтірмеген. Бірақ Роза орамал таққан кезде анасы алаңдай бастаған.
«Менде жағымсыз сезімдер болды. Саусақпен көрсеткендер де болды... Әрине, мен оған айттым, бірақ олар дінге тек тереңдей түсті. Ұрыстым, бірақ олар тыңдамады. Мен олардан балаларды бұл іске араластырмауын және мәжбүрлемеуін сұрадым», – деп еске алады Марзия Медетова.

2013 жылы Роза отбасымен бірге Ресейге кетті. Біраз уақыт олармен байланыс үзілді, кейін Розаның Иракта екені анықталды.
«Мен есімнен танып түстім. Инсульт алдым. Олар мезгіл-мезгіл хабарласатын. Иракқа барған кезде есімдерін ауыстырды. Иракқа дейін Түркия мен Сирияда болған екен. Ол үйде отырған. Күйеуі не істейтінін білмедім. Соғысып жатыр ма, жоқ па, сұраған жоқпын. Ол туралы сұрағым да келмейді. Маған тек немерелерім маңызды болды. Оларды кейде бейнебайланыс арқылы көрсететін», – дейді әйел.
Марзияның айтуынша, қызы мен күйеуі мұсылман елінде өмір сүргісі келген, «онда оларға ешкім саусақпен көрсетпейтін болады». Алайда Роза шын мәнінде болған жағдайды көріп, қайтуға шешім қабылдаған, бірақ күйеуі оған рұқсат бермей, құжаттарын тартып алған.
«Олардың миын улады. Жақсы өмір сүресіңдер деп уәде берді. Ол маған ештеңе айтқан жоқ. Қаншама уақыт сөйлесемін, қазір байланысқа шықсақ, үнемі ұрысам, ол үнемі жылайды: «Балалардан сұра, мен ылғи да үйге қайтқым келеді. Ана, кешір, өтінемін», – дейді Марзия Медетова.
Бұл төрт жыл бойы қауіпті жерде өткен қиын күндер еді. Кейінірек қызының күйеуі қаза болып, қазіргі уақытта ол із-түзсіз жоғалған деп саналады. Ал Роза терроризмге көмек көрсетті деп айыпталып сотталған.
Қазақстаннан кеткенде олардың үш баласы болған. Ең үлкені қайтыс болды. Бірақ кейін тағы бір қызы дүниеге келді. Барлық үш баланы Қазақстан билігі 2019 жылы елге қайтарды. Қазір олар әжелерімен бірге тұрады.
«Барлық болған жағдайға мен өзімді кінәлі сезінем, себебі қызымды дұрыс тәрбиелей алмадым. Одан да көңілім қалды. Оны түсінбеген едім. Мен тек «Маған айтпай, қалайша кетіп қалдың?» деп сұрадым. Олар кететіндері жайлы ештеңе айтпаған. Бірақ олар балаларға паспорт жасатыпты... Демек, олардың нақты жоспары болған», – дейді ол.
Марзия Медетова қызының елге қайтып келіп, балаларына қайта қосылғанын ғана қалайды .
Сот үкімін қайта қарауды талап ету керек
Роза Мансурова мен бірге Ирак түрмесінде тағы бес қазақстандық әйел бар. Оларды елге қайтару өте қиын екені анық. Алайда «Азаттықтың ауасы» қорының жетекшісі Жанна Умирова бірнеше жыл бойы әйелдерге гуманитарлық көмек жіберіп тұрған. 2024 жылдың күзінде ол әйелдерді елге қайтаруға өзі кіріспек болды.
«Олар сегіз жыл бойы түрмеде отыр және олардың дауысы біздің министрліктерге, мемлекет басшымызға жетпейді. Біздің Сыртқы істер министрлігінде олардың ісі бойынша үкімдер жоқ. 2024 жылдың қазанынан бері біз осы қылмыстық істерді қайта қарау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өкінішке қарай, біз билік органдарына жете алмай отырмыз», – дейді Жанна Умирова.

Ресми хат-хабарлар мен шенеуніктермен кездесулер әзірге нәтиже берген жоқ.
«Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевпен кездесу барысында мен олар ұзақ уақыт осындай жағдайда өмір сүре алмайтынын айттым», – дейді Жанна Умирова.
Ол әйелдердің үкімін қайта қарауды талап етудің қажет екенін айтады.
«Қазір мен Ирак адвокаттарымен байланысқа шықтым, олардың шарты – мен консулдық сенімхатпен барып, оларды Қазақстан мен Ирак инстанцияларында қорғауым керек», – дейді Умирова.
Ол әйелдер үлкен қателік жасағанын түсінеді, бірақ олар жас болғандарын, күйеулеріне ергендерін айтады.
«Барлығы жас кезінде кеткен. Олар күйеулерінің артынан ерген. Қалай болғанда да, бұл біздің елдің азаматтары», – дейді ол.
Қазақстандық әйелдерді экстрадициялау мүмкіндігі төмен
Orda.kz сұрауына жауап ретінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 2018 жылы Ирак билігі алты қазақстандық әйелді терроризмге көмек көрсетті және ДАИШ (ИГИЛ) террористік ұйымына қатысты деген айыппен өмір бойына түрмеге қамағанын хабарлады.
2019 жылдың қарашасында ресми хабарлама алғаннан кейін Қазақстанның Иорданиядағы елшілігі олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстарды бастады.
«Ирак заңнамасына сәйкес, олардың айыбы амнистия немесе экстрадиция мүмкіндігін жоққа шығарады. Бірақ Қазақстан тарапынан Ирак билігімен осы әйелдерді Қазақстанға қайтару мүмкіндігі жөнінде келіссөздер жалғасып жатыр» деп айтылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Министрлік, қиындықтарға қарамастан, Қазақстанға осы әйелдердің кәмелетке толмаған балаларының қайтарылуын қамтамасыз етті.
«2019 жылы «Русаф» гуманитарлық операциясы жүзеге асырылып, олар елге қайтарылды» деп қосты министрлік.
2023 жылы Бағдат түрмесінде әйелдердің аштық жариялағаны белгілі болды…
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пара алған білім саласының төрт бірдей қызметкері айыппұлмен құтылды
- БҚО-да мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы ұсталды
- Депутаттар азаматтық-құқықтық шартқа тыйым салып, шетелдіктердің айлығын қысқартпақ
- Алматыдағы Баум тоғайында он мың ағаш түп-тамырымен жойылып, орнына тұрғын үй салынуы мүмкін
- Астанада қайтыс болған фельдшердің отбасына қандай төлем төленеді?
- Ақтөбеде 64 жастағы ер адам 14 жастағы қызды жүкті қылды: Өңір басшысы не деді?
- Алғабастағы өрттен аман қалған 3 адамның жағдайы өте ауыр – министрлік
- Құлыбаевтар Halyk Bank-тегі үлестерінің бір бөлігін сатпақ
- Мәжілісмендер балалары мен науқас туыстары бар ата-аналардың жұмыс күнін қысқартуды ұсынды
- Ақмарал Әлназарова елде өршіген тұмауға қатысты пікір білдірді
- БҚО-да 10 жастағы қыз зорланғаннан кейін шенеуніктер тергеуге алынды
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздық қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды