Тұрсынбек Қабатов өзінің қамалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Informburo.kz
Қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзіне қатысты жеңіл жүрісті қыздарға барып, ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына жариялады. Ол «Манхэттен» деген жерді тіпті білмейтінін айтты.
«Кейбір сайттарда менің массажға барып, полиция рейді кезінде ұсталғаным туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл – өтірік ақпарат. Сенбеулеріңізді сұраймын. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Бұл концерт берер алдында, менің аяғымнан біреулердің шалып жатқаны болуы керек», – деді әзілкеш.

Тілге тиек етейік, әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов Алматы қаласындағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде жеңіл жүрісті қыздарға барғанда ұсталды деген ақпарат тарады.
Еске салсақ, осы жылдың маусым айында әзілкеш ұшақта тәртіп бұзғаны үшін бес тәулікке қамалған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық