Тұрсынбек Қабатов бұрынғы жұбайына жауап берді
Коллаж: Orda.kz
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың айтқандарына жауап беріп, балаларын ешқашан ұмытпағанын айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсеміздің YouTube-арнасына берген сұхбатында Қабатовтың осыдан 14 жыл бұрын өзге әйелмен әуейі болып, жылдар бойы көзіне шөп салып, отбасынан алыстап кеткенін айтқан еді.
Сұхбат жарияланғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары екіге бөлінді: бір тобы Қабатовқа қатысты cancel culture орнату керек десе, енді бірі «Әзіл әлемі» мен «Базар жоқ» концерттеріне барудан бас тарту жөнінде пікір білдіріп жатыр.
Сондай-ақ, сұхбат барысында Мұқанова Қабатовтың балаларымен араласпайтынын және олардың нөмірін бұғаттап тастағанын айтқан болатын.
Бүгін Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұл айыптауларға жауап беріп, мұндай әрекетке бармағанын мәлімдеді.
«Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!», – деп қысқа қайырды әзілкеш.
Айта кетейік, Мұқанованың сұхбаты бір күннің ішінде миллионға жуық қаралым мен 25 мыңнан астам пікір жинаған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық