Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасы мақұлданды
Фото: Ашық дереккөзден
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Мәжіліс 28 ақпанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.
Заң жобасына сай, педофилия және баланы өлтіру қылмысына өмір бойына соттау жазасы белгіленеді. Құжатта денсаулыққа жеңіл, орташа және ауыр залал келтіруге енді қылмыстық жаза қарастырылған.
Мәжіліс денсаулыққа орташа зақым келтіргендерді 2 жыл бас бостандығынан айыруға, ауыр зақым келтіргендерді 3-8 жыл бас бостандығынан айыруға келіскен. Ал денсаулыққа жеңіл зақым келтіргенге 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл, не 200 сағат қоғамдық жұмысқа жегу немесе 50 күнге қамау жазасы тағайындалуы мүмкін. Ал қол көтеруге 80 АЕК (295 мың теңге) айыппұл не 80 сағат қоғамдық жұмыс немесе 25 күнге қамау жоспары бар.
Бұған дейін заңда 15 АЕК айыппұл (55400 теңге) және 15 күнге қамау жазасы болған еді.
Кейінгі уақытта Қазақстанда әйелдерді ұру және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жиі талқыланып жүр. Салтанат Нүкенованың қазасына күйеуі, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың күдікті болуы әйелдерді ұрып-соғуға қатысты талқыны одан әрі күшейтті.
Елде жыл сайын полицияға тұрмыстағы зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан аса шағым түседі. ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 35 мыңнан аса шағым түскен.
БҰҰ есебінше, жыл сайын Қазақстанда 400 әйел жақын ер адамның қолынан қаза табады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық