Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде күйеуін абайсызда өлтіріп алған әйел полициядан көмек сұраған
Фото: Ашық дереккөзден
Отбасылық зорлық-зомбылықтан жәбір көріп келе жатқан екі баласы бар ана әзірге қамау изоляторында, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің мәліметінше, жәбірленуші осы күнге дейін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған, алайда оған ешқандай көмек көрсетілмеген.
Күйеуінің агрессиясының салдары кісі өлімімен аяқталған.
«Енді әйелдің өтініші мынадай – қайғылы оқиғадан кейін оның екі кәмелетке толмаған баласы қайтыс болған күйеуінің туыстарының қамқорлығына берілген, ал олар жеткіншектердің туған анасымен не нағашыларымен сөйлесуіне тыйым салған», – дейді өкіл.
Сондықтан арызданушы балаларымен сөйлесу құқығын қалпына келтіруді сұраған.
«Мән-жайды зерделеген Уәкіл жергілікті әкімдіктегі қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ полиция департаментіне балалардың құқықтарына қатысты бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғалардың кінәсі туралы мәселені қарау туралы ұсыныспен жүгінді. Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 61-бабына сәйкес, баланың ата-анасымен, атасы мен әжесімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен және өзге де туыстарымен араласуына құқығы бар. Бүгінде балалардың анасының туыстарымен қарым-қатынасы толығымен қалпына келтірілді», – дейді өкіл.
Полиция департаментінің мәліметінше, департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеріс жүргізген, нәтижесінде өз міндеттерін орындамағаны үшін бір қызметкер құқық қорғау органдарынан шығарылса, тағы екі қызметкер қызметінен босатылды.
Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың және анасының алдағы тағдыры Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жіті назарында болатыны жайлы мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Сабуровтың «майданға сыйлығы» туралы жазба әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін өшірілді
- Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС шегерімін қолдану тетігі қаралды
- «Терроризмді насихаттаған»: Семей қаласының тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды
- Ақтөбеде әйел мен 3 баланың денесі табылды
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты
- «Ақсуда мал жаюға арналған жер телімі сатылып кеткен»: Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
- Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
- Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
- «Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
- Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді
- Жапониядағы сайлау: Санаэ Такаити партиясы парламентте басым көпшілікке ие болды
- Депутат Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды
- Бірнеше қызды зорлап өлтірген «бішкектік маньяк» өзіне қол жұмсады
- Құлсарыда оқушы балта ала жүгірген мектептің директоры қызметінен босатылды
- Ұрланған жәдігер көп жылдардан кейін Мысырға қайтарылды