Тұрлыханов жаңа қызметке тағайындалды
Желіден алынды
Жақында ғана басы дауға қалған депутат Дәулет Тұрлыханов тағы бір қызметке тағайындалды.
Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
«Осы аптада тағы бір жақсы жаңалық болды. Астанада «ДИНАМО» СҚ-ның кезектен тыс Конференциясы өтіп, онда Президиумның жаңа құрамы мен осы спорт Қоғамының төрағасы сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша «Динамо» Қоғамының басшысы болып ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен Президиумге отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Президиумға атақты суға жүзгіш, «Рио-2016» Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады.
«Динамо» бір жылдан кейін өзінің 100- жылдық мерей тойын атап өтпек. Еліміздің көптеген даңқты спортшылары «Динамо» сапында ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бұл таңда «Динамо» қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе екені сөзсіз! Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, Қоғам жұмысына сәттілік тіледім!», - дейді Тұрлыханов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық