Туристер Шымкентке көптеп келуде
Фото: Pexels
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында Шымкент қаласына 20 950 шетелдік турист келді.
Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
«Бұл көрсеткіш еліміздегі үшінші мегаполиске халықаралық туристік аренада сұраныстың артып келе жатқанының айқын дәлелі. Шымкентке ең көп туристер – Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Қытайдан келген. Атап айтқанда, биылғы алты айда Шымкентке Өзбекстаннан – 9 235, Ресей Федерациясынан – 3 286, ал Қытайдан 2360 турист саяхаттаған», - деді туризм министрлігі.
Өңірде туристер санының артуымен қатар, біржолғы төсек-орындар саны да ұлғайып келеді. 2023 жылы төсек-орын саны 6058-ге жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 542 орынға көп.
«Өңірдегі туристер санының өсуі туристік инфрақұрылымды жақсартуға және қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған елеулі жұмыстардың нәтижесі. Біз Шымкентті Қазақстандағы және шетелдегі жетекші туристік бағыттардың біріне айналдыру үшін жұмыс істейміз», - деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық