«Тура биде туған жоқ» немесе «көбелек эффекті»: журналистерді қамау қоғамды қалай құлдыратады?

cover Фото: Нейро желі жасады

«Тура айтсаң, туғаныңа жақпайсың» деген қазақ әлі соның кебін киіп келеді. Себебі елдегі олқылықтарды ашық айтатын, ұстанымына берік азаматтарды қамап, жатқанын өзіңіз де естіп-біліп отырған шығарсыз, қадірлі оқырман. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сөз бар. Ондай адамдардың аузына қақпақ болып, түрмеге тоғытатын қоғам өз болашағына балта шауып, дамуын тежейді. 

Orda.kz қаламгері Равиль Абашидзе осы жағдайды, соның ішінде бас редакторымыз Гүлнәр Бажкенованың ұсталуына қатысты қазіргі жүйенің қарқынын түсіндіреді. 

Хаос жайлы теорияда үлкен апат кейде дауылдан емес, көзге көрінбейтін кішкене ғана көбелектің қанат қағуынан болатыны айтылады. Ұсақ нәрсенің салдары үлкен болуы мүмкін. Мемлекет те сондай. Егер бір журналистің өз жұмысын істеуі жеке басына қауіп төндірсе, бұл бір адамның мәселесі емес. Бұл — жүйенің бұзыла бастағанын көрсетеді.

Думан Мұхамедкәрім мен қоғам белсендісі Әйгерім Тілеужанның түрмедегі халі жайлы мына материалымыздан оқыңыз.

Дамудың бастауы — ресурстарда емес

Әлем картасына қарасақ, бір қызық жайтты байқауға болады. Дамыған елдерде көп мұнай жоқ. Дамыған елдерде «қозғалыңдар, бұл дұрыс емес» деп айта алатын адамдар көп. Ақылды, ұстанымға берік, сыни ойлай алатын адамдарды оппозиция деуге келмейді. Олар тіпті қасқайтып қойып қоятын мүсін де емес. Олар — демократияның тірегі. Ел болашағының құрылысындағы негізгі тірек. Сол тіректі алып тастасаң, болашақтағы жоспарлар, құрылымның бәрі құлай бастайды. Ол бірден емес, біртіндеп, байқалмастан үйдің тіректері шіріп бара жатқандай ақырын құлайды.

Айта кетейік, бүгін ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы жаздық.

Күрделі жүйелер сыртқы қысымнан емес, өз ішіндегі қателікті елемегеннен құлайды

Мемлекет — тірі ағза сияқты. Оның сырқатын алдын ала сездіретін қауқары бар: журналисттер, аналитиктер, тергеушілер. Олар қай жерде ақау барын көрсетеді, қай жерде бағытты өзгерту керек екенін ескертеді. Егер сыртқатты сезінуді өшірсең, ағзаның өзі өліп бара жатқанын түсінбейсің.

Сондықтан бір журналистің құрықталуы тек бір медиаға соққы емес, бүкіл елге соққы.

Бұл тек қақтығыс емес. Бұл — кері байланысты тыңдамау. Ал кері байланысты елемеу — күрделі жүйелердің құлауына басты себеп болады. Дұшпандар да, дағдарыс та емес. Мұның бәрі жүйенің өз дабылын естімеуінен, «сырқатын» сезбеуінен болады.

Батыстың үлгісін жартылай алып келу мүмкін емес

Көп елдер батыстың технологиясын, қызметін қолдануға тырысады. Бұл жақсы, бірақ батыстың дамуы тек гаджеттерде емес. Ол негізгі жүйелер мен ережелерге құрылған. Қарапайым ереже: егер біреу жұртқа қарағанда ақылды әрі қабілетті болса, бәрі сол жоғары орынға таласады. Бұл — ақшаға сатып ала алмайтын, келісімге жазып қоймайтын нәрсе. Батыстың үлгісін көшіремін деп ондағы сөз бостандығы, әділетсіздікке төзбейтін қоғам жайлы ескермесек, онда бұл құмға құйған су секілді бос әуре. 

Кертартпа қоғамда бәрі кері кетеді

Қалыпты әлеуметтік жүйе адамдарды білімі мен талантына қарай көтереді. Ал кертартпа жүйе — көнбістігіне қарай көтереді. Бұл тек метафора емес, заңдылық:

  • Инженердің орнына жетекші шығады,
  • Аналитиктің орнына жүйеге адал, тек орындаушы адам келеді,
  • Реформатордың орнына реформаны қауіпті деп санайтын адам келеді,
  • Стратегтің орнына айтаққа еретін адам келеді.

Мұндай адамдар адал, еңбекқор, тіпті батыл болуы мүмкін. Бірақ олар қолға алған ісін, не сол саланы білмейді де.
Бұл құдды бір ұшаққа ұшқыш емем, жақсы ниетті, еңбекқор, адал адам келгенімен тең жағдай. Ұшақ ұшпайды, я апатқа ұшырайды.

Жоғарыда айтаққа еретін, көнбіс адамдар отырса, шындық қиялдағы көркем айналады

Сын айтатындарды елемейтін жүйенің ең қауіпті жағы — шынайы фактілердің жоғалатынында. Мысалы, зертханадан ғалымдарды қуып шығып, егеуқұйрықтардың өздері «ғылыми жетістіктері» туралы есеп жазатынындай. Егеуқұйрықтардың ынтасы бар, бәрі ретімен. Бірақ дұрыс, ақылға қонатын әдіс қолданылмайды. 

Олар:

  • тәжірибе сәтсіз болса, «құралдар» кінәлі деп;
  • деректер ойындағыдай болмаса, деректер қате деп;
  • іс нәтижесіз болса формулаларды өзгерту керек, процесті емес деп сенеді.
Фото: Нейро желі жасады

Мемлекетте сын айтатын адамдарға орын қалмаса, шындықты өзгертеді: деректер есепке сай жасалады, есептер басшылардың қалауларына сай түзетіледі, ал шындық презентацияға бұрмаланады.

Еркін адамдар кетсе, қоғамның сыни ойлау қабілеті әлсірейді

Ел ақша немесе ресурстарды жоғалтса, оны қайта қалпына келтіре алады. Бірақ еркін ойланатын адамдарын жоғалтса, елдің ойлау қабілеті әлсірейді.

Бір журналист кетсе, тек бір адам кетті деген сөз емес. Бұл қоғамның сыни ойлауына жасалған соққы. Ғалым кетсе, болашақта ғылымдағы жаңалықтар азаяды. Инженер кетсе, сала дамымайды. Кәсіпкер кетсе, нарық құлдырайды. Студент кетсе, үміт азаяды.

Еркін ойлы адамдар қоғамның маңызды бөлшегі. Олардың. Бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, тура жолмен жүруі — елдің бір діңгегі. Ол діңгек құлағанда қалғанына да әсері тиеді.

Қоғамның дамуына Бажкенованың қатысы қанша? 

Бір журналистің қамалуы — бүтін бір қоғамның әділетті қоғам құру жайлы үмітін күл-талқан етеді.

Айта кетейік, адвокат Мұрат Адамның айтуынша, «Орда» сайтының негізін қалаған Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамау туралы үкім оның сотта өз мүддесін қорғауына кедергі келтіріп отыр.

Егер ақпарат жаршысы болған, шындықты жеткізетін журналистерді бұғаулайтын болса, онда бүтін бір қоғам ауыздықталды деп айтуға толық негіз бар. Мұның соңы жақсылыққа апармайды. Себебі, бүгін сын айтылмайды, ертең қате шешімдер қабылданады, ал келер күндері салалар өз олқылықтарын білмей, кенже қалып, дамымайды. 10 жылдан кейін күніміз сыртқы елге қарап қалады.

 

Алғадай болған азаматтарынан қорқатын елдер өзгелерге қызмет етеді

XXI ғасырда елдер территориямен, әскерімен немесе шикізатпен емес, қоғамды алға сүйрейтін, тура болудан қорықпайтын ақылды адамдарымен ілгерілейді.

Егер журналистика қауіпті кәсіпке айналса, елдің болашағына да қауіп төнді деген сөз. Егер сын айтатындарды басса, елдің дамуы тежеледі. Соңында, мұндай ел өзгелердің жетегінде кетеді. Яғни, өзіне емес, сүт бетіндегі қаймақ секілді зиялыларын, алға баса алатын тұлғаларын сыйлайтын елдерге қызмет етеді.

Қазақта «ауруын айтпаған — ауырмай өледі» деген сөз бар. Көбелектің кішкентай қанат қаққаны секілді қоғамдағы түрлі оқиғаларға мән бермеудің соңы үлкен апатқа ұшыратады.

Еске сала кетсек, құқық қорғаушы Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі. Ол Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ екенін атап өтіп, Гүлнәр Бажкеноваға қарсы қозғалған істердің саяси тапсырыс екенін ашық айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар