Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханада жатқанын айтты
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов басына іс түсіп, тергеуде жүргенде, 400 беттей жазылып дайын тұрған кітабын арнайы тапсырмамен жойып жібергенін айтты, деп хабарлайды ЭК.
- Мына жағдай басыма түскенде шапқылап секіріп өттім деуге келмес. Мен де ет пен сүйектен жаралған жұмырбасты пендемін. Қатты қайғырдым. Үлкен ауыр психологиялық жағдайларды басымнан кештім. Тіпті, әлгі психологиялық емханаға да түстім, - дейді актер 1001 бағдарламасына берген сұхбатында.
Ол психологиялық ауруханада жатқанда психолог дәрігерлердің неше түрлі сұрақтарына үрке-үрке жауап бергенін де еске түсірді.
- Қиналып жүрген сәтте, тергеліп жатқанда ол бір тапсырма алған ғой. Компьютерімде тұрған кітабымды жоғалтып, өшіріп жіберген. Кітапта өмірден көрген-түйгендерім, әріптестерім жайлы жазған естеліктерім, өмір, өнер жайлы ой-пайымдарым бар еді. Солардың бәрі өшіп кетті. Қайтадан қайтара алмай қалдым. Кейін сол жазған кездегі менің көңіл күйім, санадан жүрекке, жүректен сияға қарай байланыс үзілгенде қолым қайтадан қаламға бармай қалды, - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық