Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай боқтап жібергенін айтты
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов қамауда отырған мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған қақтығысы қалай басталғаны туралы сөз қозғады.
Бұл туралы әртіс журналист Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
– Ол ректор. Мен актерлер қабылдайтын курстың жетекшісімін. 4 жылда бір рет қабылдаймын. Олар өте көп келеді. Бір орынға 30-40 болады. Қыздардан 6-7 аламыз. Ұлдардан 10-15 аламыз. Сол ректор (сол кездегі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы) кезінде ақша төлеп оқитындарды қосты да, қаптатып жіберді. 30-40 адам бар. Оның бәрін актерлік шеберлікке оқыту мүмкін емес.
Сол кездегі декан Асхат Маемиров маған тізім берді: «Мына балаларды аласың» деп. Үкіметтің беретін гранты 12 адам. Ол 11 адамның тізімін, «бастық айтты» деп әкеліп отыр. Мен «Қызықсыңдар!? Мен вилиончель үйретіп отырған жоқпын. Жарайды, ректор екен. Біреу алайын. Екеу алайын тіпті. Үлкен адамнан үлкендер жағы сұраған шығар. Атақты сыйлы адамдар. Көрейін, оларды дайындайын. Содан кейін көрейін. Бәрін ала алмаймын» дедім. «Өзіңіз біліңіз» деп кетіп қалды.
Сонымен емтихан басталды. Емтиханда Маемиров келді. Оған «Ұнаса, тізімге қарамай, аламын. Болмаса, ренжімесін» дедім. Бір-екі ұл мен бір қыз баланы дайындадым. Қазір балалар пысық қой. Біліп отыр ғой. Кімге қай көзбен қарап отырғанымызды. Кімнің қандай байланысы бар, біліп қояды олар. Ал менің атым жайылған, ешкім хабарласпайды маған. Академияда қарсы ешкім шықпайды. Біледі. Менің ешкімді тыңдамайтынымды, – деді халық әртісі.
Сонымен қатар, Жаманқұлов Мұхамедиұлын қалай боқтап жібергенін де айтты.
– Сонымен емтихан түнгі 12-ге дейін болды. Қайтып келе жаттық. Сол кезде маған ректор хабарласты. «Сен неге менің айтқанымды орындамайсың?» деп. Сол кезде «Ареке, мен уәде бергендей 2 адамыңды алдым. Әрі қарай мүмкіндік болмады. Тізіміңдегі балалар онша болмады. Ұят болады. Ертең жұрттың бетіне қалай қараймыз?» дедім. Ол тыңдамады. «Мен сені құртам. Мен сені ертең шығарып жіберем. Сен кімсің, сонша?» деді. Сонда мен «Сен деп сөйлейсің, біріншіден. Екіншіден, мен сенің басыбайлы құлыңмын ба? Мен Тұңғышбай Жаманқұлов деген ағаңмын, Қазақстанның халық әртісімін, профессормын. Бұл балалардың тағдырына жауап беремін. Сен дікеңдемей, сөз тыңдасаңшы» дедім. Қоймайды. Сонда телефон арқылы «кетші, бар на ***» дегенді айтып жібердім, – деді Жаманқұлов.
Сол кезде әртістің қасында телефон арқылы сөйлескенін естіп тұрған жұбайы жылап қалған. Ректорға түсіндіруін сұрады. Келесі күні Жаманқұлов академияға келді. Халық әртісінің айтуынша, академия алдында құзырлы орган қызметкерлері тұрды. Ешкімді кіргізбейді. Ректор жоқ. БІр уақытта келді. Жағдайды айқындау үшін Арыстанбек Мұхамедиұлына соққанын айтты.
– «Ареке, кешегі жайында түсінісейік. Мен кірейін деп едім. Мыналарың кіргізбей тұр мені. Айт. Бірге кірейік кабинетке, түсінісейік» дедім. Маған бір қарады. Аналарға бір қарады да: «Мынаны кіргізбеңдер!» деді. Тағы боқтадым, шымкентше... Сосын кетіп қалдым, – деп түйіндеді халық әртісі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық