Түрмедегі қылмыскер қазақстандықтарды 25 миллионға алдаған
Сотталған және түрмеде жазасын өтеп жатқан азамат үш жылға жуық уақыт бойы қазақстандықтарды интернет арқылы алдап келген.
Интернет-алаяқты Алматы облысының прокуратурасы анықтады. Ер адам осы уақыт бойы №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келген. «Сотталғанның» қарқынды әрекеті 2020 жылдың маусым айында ашылғаны белгілі болды.
«2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Ж.А.Ш. түзеу мекемесінде ұялы байланыс операторларының ұялы телефондары мен түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы жалпы сомасы 25 миллион теңгеден астам қаржыға 200-ге жуық алаяқтық әрекет жасаған. Аталған дерек 2023 жылдың 2 наурызында мамандандырылған прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағында көзделген «Алаяқтық» бойынша құқық бұзушылық фактісі бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының тергеу бөліміне жіберілді» деп хабарлайды мекеме.
Сотталушыдан екі ұялы телефон мен 41 сим-карта тәркіленіп, сол арқылы хат алысып, жәбірленушілерге телефон соққан. Атап өтілгендей, қазір прокуратура сотталғанның басқа да құқық бұзушылықтарын анықтау үшін облыс пен Қазақстан Республикасының басқа да өңірлеріндегі дерекқорға мониторинг жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері мамандандырылған прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-бөлігі «Қызметтегі әрекетсіздік» бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментке жолданды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық