«Түрме жертөлесінде екі күн азаптады»: Күдікті Шымкент түрмесінде азапталғанын айтады
42 жастағы Мақсатхан Жақыпбеков Шымкент полициясы себепсіз ұстап, дәлелсіз тергеуге алды деп санайды. «Ұрлық» бабымен күдікті деп танылған ол түрмеде азапталғанына шағымданған. Оқиғаға байланысты «Азаптаулар» бабымен іс қозғалған.
«Жатпа, тұрма, отырма! Дәретханаға кірме!»
Бұрынғы полиция майоры Жақыпбеков 2008 жылы «Пара алу» бабымен 4 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан. Қазір кәсіпкер. Төрт баланың әкесі. Отбасымен Астана қаласында өмір сүреді.
Ол 18 тамызда коронавирустан қайтыс болған әкесінің жылдық асын Шымкентте өткізеді. Бес күннен кейін әй-шәй жоқ полиция үйіне келіп, қалалық полиция департаментіне жеткізеді. Департамент басшылығы бірінен соң бірі кабинетіне кіргізіп, көлік ұрлығына қатысты үстінен шағым түскенін хабарлаған.
- Осыдан 4 ай бұрын Алматыдан 20 миллион теңгеге көлік сатып алдым. Сол көлік ұрланған болып шықты. Сатып алғанымды дәлелдей аламын, - дейді Жақыпбеков.
Жақыпбековтің сөзінше, әуелі полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаевтың кабинетіне жеткізген. Кабинетте Бейсенбаевпен бірге қалалық ҚАЖД басшысы Теңіз Жәнібеков отырған. Жәнібеков түрмеден қашып кеткен сатталушыны танығаны үшін сөккен. Ал Бейсенбаев, артынан қабинетіне шақырған департамент басшысы Қайрат Дәлбеков, Қаратау аудандық полиция басқармасы басшысы үш көлік ұрлығы бойынша істі мойындауды талап етіп, бейпіл сөз айтқан. «Қылмыскер емеспін» десе де генерал қызметкерлеріне «мойындатыңдар» деп тапсырма берген. Таңғы сағат оннан кешкі сағат сегізге дейін полиция ғимаратында ұстап, қорлаған.

Одан кейін екі күн Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының тергеу изоляторында жатқан. Қалалық тергеу соты «Ұрлық» бабымен күдікті деп танылған Жақыпбековті екі айға қамауға алуға санкция берген. Айдауылмен Сәуле ауданындағы ИЧ 167/11 түзеу мекемесіне жеткізілген.

- Алдымнан он шақты түрме қызметкері күтіп алды. Олар жертөлеге кіргізді де, тырдай шешіндіріп ұра бастады. Видеоға түсіріп, ҚАДЖ басшысына жіберді. Целлофан пакетпен, қолымен тұншықтырды, полицияның резеңке таяғын тікішегіңе тығамыз деді. «Қашып кеткен тұтқынның қайда екенін айтасың, тағылған айыпты мойындайсың» деді. Тұтқынды танығаным болмаса, қайда екенін білмеймін. Екінші күні тағы жертөлеге түсірді. Жарықты сөндіріп тепкіледі. Басымды жарды. Жарты сағаттан соң жалпы камераға қайта алып барды. Содан кейін түрме қызметкерлері күнде психологиялық қысым көрсетті. «Жатпа, тұр! Отырма төсекке! Киіміңді шешпе! Дәретханаға кірме! Су ішпе!» деп бұйырды, - дейді Жақыпбеков.
«Ұшақта есімнен танып құладым»
Түрмеде жатқанына 15 күн өткенде қалалық сот оның апелляциялық шағымын қарап, кепілмен босатқан.
- Түрме қызметкері «бостандыққа шығасың» дегенде жылап жібердім. Түрмеден әйелім мен адвокатым күтіп алды. Кешке шыққаннан таң ата Астанаға ұшақпен ұштық. Ұшақта жүрегім ауырып, есімнен танып құладым. Аэрапорттан жедел жәрдем күтіп алып, №2 қалалық ауруханаға алып кетті. 8 күн емделдім. Ұйқыдан қалдым, - дейді Жақыпбеков.
№2 Астана қалалық ауруханасының медициналық анықтамасында Жақыпбековке «бас ми жарақаты» деген диагноз қойған. Ауруханада түскен кезде «әлсіздік, ауырсыну, бас айналуы, лоқсу» болған.
Жақыпбеков есін жиған соң оқиғаны баяндап, Бас прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағым түсірген. Арыз негізінде Қылмыстық Кодекстің «Азаптаулар» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Orda.kz тілшісі ИЧ 167/11 түзеу мекемесіне Жақыпбековті «азаптау» дерегі бойынша мекеме басшысы Ермек Жалғасбаевқа хабарласқанымен жауап алу мүмкін болмады.
Автор: Дилара Иса
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық