Түркиядан алғашқы қазақстандық құтқарушылар оралды
Сурет: ҚР ТЖМ
Алматы әуежайында Газиантеп қаласында жұмыс істеген құтқарушылар мен дәрігерлер тобы мінген ұшақты қарсы алды.
Зілзаладан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілген Төтенше жағдайлар министрлігі және Апат медицинасы орталығы мамандарының туыстары, достары мен әріптестері әуежайға алдын ала жиналды. Екі эшелонмен Түркияға алғашқылардың қатарында қазақтар аттанғаны белгілі. Бара сала олар ең күрделі қираған нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Топты Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев басқарды.
Түркияның үш облысындағы іздестіру-құтқару жұмыстары басталғалы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 7 адамды құтқарды. Қайтыс болған 88 адамның денесі табылды, оның ішінде 10 бала бар. Құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару техникасын, тереңдету құралдарын қолдана отырып, 250 мың текше метрден астам үйіндіні аршыды.
«Толығымен қираған ғимараттарда қазақстандық құтқарушылар адамдарды табу, орналасқан жері мен жағдайын анықтау, үйінді астында қалғандармен дыбыстық байланыс орнату, қажетті көмек көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі қирандылар астынан зардап шеккендерді шығару бойынша жедел және сауатты іс-қимылдар, сондай-ақ зардап шеккендерді босату бойынша уақтылы шаралар қабылдады» деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апат медицинасы орталығының дәрігерлері тәулік бойы зардап шеккендерге білікті медициналық көмек көрсетті. Жалпы 200-ден астам жергілікті тұрғындар мен құтқарушыларға медициналық көмек көрсетілді, оның ішінде 30-ға жуығы бала.
«Біздің кинологиялық бригадалар да іздестіру-құтқару жұмыстарында тамаша нәтиже көрсетіп, үйінді астынан адамдарды іздестіру кезінде өздерінің жоғары біліктілігін растады. Құтқарушы иттер - бельгиялық овчарка Малиноис Джейкоб, Лига М Сириус және Аксель, лабрадор Чарли Кинг, неміс овчаркасы Мирта, Гринпис атты иттер - кинолог-нұсқаушылармен және құтқару топтарымен бірге әр адамның өмірі үшін күресті. Қираған нысандарда күн-түн демей жұмыс істеді» деп толықтырды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана мен Алматы қалаларының, Ақмола және Қарағанды облыстарының құтқарушылары қатысты, жақын арада олардың барлығы елге оралады.

«Түркия Республикасының AFAD жер сілкінісі дағдарысы орталығымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі барлық нысандардағы іздестіру-құтқару жұмыстарын аяқтады. Жіберілген күштер тұрақты орналастыру пункттеріне оралуда» деп атап өтті ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық