Түркияда қаза тапқан қазақстандықтардың денесі Алматыға жеткізілді
Қайтыс болған жерлестеріміздің мәйіттері Антакия қаласынан Анталияға одан 11 ақпан күні кешке Алматыға жеткізілді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алған.
— Біздің консул Сабина Мамадяроваға барды, оның денсаулығы жақсы. Жарақат алған қолына ота жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол әлі біраз уақыт бақылауда болуы керек, - деді Смадияров.
Еске салсақ, 6 ақпан күні таңертең Түркияда күшті жер сілкінісі болды. Кейінірек Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 7,8 болатын тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінен кейін Түркияда жүрген қазақстандық Сабина Мамадярова үйіндінің астында қалды. Оның қолы сынды. Ал Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан 9 ақпанда шығарылды. Кейін құтқарушылар тағы бір қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесін тапты.
Соңғы төрт күнде Түркиядан 124 қазақстандық шығарылды. Алматыда Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинағы жарияланды.
Соңғы мәліметтер бойынша, Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апаттан зардап шеккендер саны 22 мыңнан асты, тағы 80 мыңнан астамы жараланған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық