Түркия жер сілкінісінен кейін 612 адамға тергеу бастады
Түркия жер сілкінісі кезінде қираған ғимараттардың сапасына қатысы бар 612 адамға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Associated Press.
Әділет министрі Бекир Боздаг 612 күдіктінің 184-інің сотқа дейін қамауда екенін айтты. Олардың арасында құрылыс мердігерлері, ғимараттардың иелері немесе басқарушылары бар.
— Ғимараттардағы осыған қатысты айғақтардың табылуы қылмыстық тергеуге негіз болады, - деді Боздаг.
6 ақпанда Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде 48 мыңға жуық адамның өмірін қиған 7,8 баллдық жер сілкінісінің салдары түріктердің қираған немесе қатты зақымданған 173 000 ғимараттың көпшілігінің құрылымдық тұтастығына күмән келтіруге мәжбүр етті. Мамандар қираған үйлердің көбі сапасыз материалдармен салынғанын және көбінесе мемлекеттік стандартқа сай келмейтінін айтады.
Түрік арналары Түркияда жер сілкінісі мен тағы да қирау қаупінің әлі сейілмегенін хабарлайды. AFAD апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету агенттігінің мәліметі бойынша, 6 ақпаннан бері елде ірілі-ұсақты 9 470 жер сілкінісі болды.
— Бұл ұзақ уақытқа созылады. Біз бұл жер асты дүмпулері кем дегенде екі жылға созылады деп отырмыз, - деді AFAD бас директоры Орхан Татар.
Бұған дейін Түркияда тәртіп сақшылары ғимараттардың жаппай опырылуына қатысы бар Газиантептегі Нұрдағы ауданының әкімі Өккеш Кавакты ұстаған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық