Түркия жаһандық қауіпсіздік үшін НАТО-ның кеңеюін қолдайды
Ердоған әкімшілігінің коммуникациялар басқармасы басшысының айтуынша, альянстың кеңеюі «тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі».
Түркия НАТО-ның «ешбір елге зиянсыз» географиялық кеңеюін , әскери блокты жан-жақты қауіпсіздік ұйымына айналдыруды қолдайды. Бұл туралы Middle East Eye журналына берген сұхбатында Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтын айтты, деп жазады РБК.
Оның айтуынша, Түркия НАТО-ның дүние жүзіндегі ең күрделі операцияларына қатысудан ешқашан тайынбаған, сонымен қатар қорғаныс саласына қомақты қаржы құйып, әскери блок елдері жұмсауы қажет ЖІӨ-нің 2 пайызын құрайтын мақсатқа тез жақындап келеді.
Ол Түркия альянстың кеңеюі «бүкіл әлемде тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылықтың кілті» деп санайтынын, бірақ нақты бір елге қарсы НАТО-ның географиялық кеңеюін қолдамайтынын атап өтті.
Алтын Шығыс пен Батыс арасындағы географиялық құрлық көпірі мен Қара теңізге апаратын су жолдарын бақылайтын Түркияның «батыс лагерінде болуы өте маңызды» деді.
«Түркияның НАТО-ға ұзақ және терең міндеттемесі Еуропаны қорғады. Оның үздіксіз қатысуы континент қауіпсіздігі үшін өте маңызды» деп жазды ол.
Түркия 1952 жылдан бері НАТО мүшесі және альянстың екінші үлкен армиясына ие.
Айтпақшы, бұған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға кіруіне қарсы болған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық