Түркия Назарбаевтан тартып алынған қонақ үйді сатуға тыйым салды
Түркия үкіметі Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі болған Rixos Beldibi қонақ үйін сатуға тыйым салды.
Үкімет өзіне Алатау атымен таныс Rixos Beldibi қонақ үйін жекешелендіру тізімінен алып тастауға шешім қабылдады. Тиісті шешім Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2023 жылғы 26 сәуірдегі отырысының хаттамасында бекітілген көрінеді.
Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі «Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа Үкімет қаулысы жобасын әзірледі.
«Анталия провинциясының Кемер аумағындағы меншікті Қазақстанға пайдалануға беру туралы шешімді Түркия осыдан тура 30 жыл бұрын қабылдады. Осыған байланысты Қазақстан мен Түркия арасында 1993 жылғы 13 желтоқсанда Хаттама бекітілді. Хаттамаға сәйкес Қазақстанға оның айналасындағы жалпы ауданы 67 мың 256 шаршы метр орман учаскесі де 49 жылға өтеусіз уақытша пайдалануға берілді. Бұл келісім 2013 жылғы 11 қаңтардағы №65-V заңымен ратификацияланды. Алайда аталған Хаттама аясында қабылданған Жазбаша міндеттемелердің 2-тармағына сәйкес, Қазақстан ол территорияны тікелей мақсатынан тыс пайдалана алмайды. Дегенмен табиғат қорғау іс-шараларын сақтамаса, ол үшін жауапты болады. Осыған байланысты қонақ үйді жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастау қажет» деп түсіндірді Ұлттық экономика министрлігі.
Осылайша, Үкіметтің жаңа қаулысы қабылданған соң, Қазақстанның Түркиядағы «стратегиялық нысаны мемлекет меншігінде қалады».
Rixos Beldibi (бұрынғы Alatau Spa&Resort) қонақүйі Түркиядағы жер телімі орманмен бірге алынған, ғимарат 2002 жылы тұрғызылды. Кешеннің өзі 40 мың шаршы метрді алып жатыр. Орманы 67 мың шаршы метрден асады. Яғни, дұрыс пайдаланып, тиімді басқарып, туристерді ұтымды тарта білсе, жақсы табыс әкелер «майшелпек» нысанға ұқсайды.
Бірақ туристердің пікірінше, ол біршама ескіріпті. Туроператорлардың ашық дереккөздерінде оның соңғы реставрациясы ХХІ ғасырдың басында жүргізілгені айтылған. Яғни, қаржы салуды қажет етсе керек.
Rixos Beldibi теңізге қарайтын бөлмелерінің 50%-ы жалғыз 5 қабатты корпуста орналасқан.
Жалпы алғанда, қонақ үйде 268 standard room, қос бөлмелі 2 suite және 5-ші қабатта жалғыз King suite орналасқан. Соңғысы камині бар қонақ қабылдайтын бөлмеден, жұмыс кабинетінен, 3 жатын бөлмесінен, өз ас үй, 3 жуынатын бөлмеден, жеке джакузи, мини-саунадан тұрады. Сонымен қатар үлкен терраса мен жеке жеделсатысы бар.
Осы дүние-мүліктің бәрі әзірге Қазақстан президенті Іс басқармасы басқаруында қала береді.
Жаңалықтар
- Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға 34,3 млрд теңге бөлінді
- Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері кәріз құдығына түсіп, екі адам қаза тапты
- Қырғызстан мұнай мен мұнай өнімдерін елден шығаруға уақытша тыйым салды
- Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды
- Атырауда қайын жұртын қырып салған күйеу бала өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Абай облысында пышақталған қыздың мәйіті табылды
- МӘМС-пен тегін жасалатын ота үшін 8 млн теңге алған хирургтің ісі сотқа жолданды
- Астана маңындағы демалыс базасында ер адам өлім аузынан қалды
- 25 жыл түрмеде отырған «балталы маньяк» бостандықта қайтадан әйелге шабуыл жасады
- Семейде көпір үстіне жатып суретке түскен әйелге айыппұл салынды
- Психиатриялық ауруханаға жіберілген экс-дін қызметкері Воронцов қайтадан тергеу изоляторына қайтарылды
- Әлиев Тоқаевқа Қарабақ үшін алғыс айтып, Құрманғазы мен Түркістанды ерекше атады
- Тоқаев Қатар әміріне әкесінің қайтыс болуына байланысты жеке көңіл айтты
- АҚШ Иранға қарсы теңіз қоршауын қайта бастайды
- «Қарасора – 2026»: Он күнде 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді
- 45 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер ауа райына қатысты ескерту жасады
- Адамжегіш Николай Жұмағалиев психиатриялық ауруханадан тараған видеода не айтты?
- ӘЧ-2026: Чемпионат финалы билетінің құны белгілі болды
- Инвестиция көлемі 9,5 триллион теңге: Тоқаев премьер-министрдің есебін тыңдады
- Қазақстанда сұраныс күрт артты: Зейнетақы аннуитеті деген не?