Түркістандық ана полицейді өзін «зорлады» деп айыптады
31 жастағы үш баланың анасы #НеМолчи.kz қорынан көмек сұрап келген. Оның айтуынша, соңғы сегіз ай ішінде Түркістан облысының полиция қызметкері оны зорлап, ұрып-соғып, қоқаң-лоқы көрсетіп келген.
Әйел кісі полиция қызметкерімен өткен жылдың мамыр айында алаяқтық ісі бойынша аудандық бөлімшеге тергеуге барған уақытта танысқан.
— Мен ол жаққа бардым, сол жерде полиция бөлімінің жедел кезекшісі менен неге келгенімді, кімге келгенімді сұрап, қызығушылық танытты. Мен тергеуге келгенімді айттым. Ол тергеушіні жақсы танитынын және маған көмек бере алатынын айтып, телефон нөмірімді жазып алды. Тергеу кезінде өсімге ақша алып, ай сайын қайтаратынымды айттым. Тергеуші түсініп, істі жапты, – дейді жәбірленуші.

Әйелдің айтуынша, сол күннің кешінде үйіне жедел кезекші келіп, кездесуді талап еткен. Жәбірленуші шыққанда ол өзінің істі жабуға көмектескенін, алғыс үшін өзімен бір түн өткізуін айтқан. Осы күннен бастап оның өмірі аңду мен қоқаң-лоқыға айналды.
— Ол маған қызметтік киімімен, тапаншасымен келді. Мен оны кезекшілікте екен деп ойладым. Сосын мені соққыға жығып, тапаншамен басымнан ұрып, зорлады. Оның айтқанын істегім келмегені үшін шашымнан жұлды. Көзімнен от шыққанға дейін соқты. Таңға дейін жыладым. Таңертең полиция бөлімшесіне барып оның үстінен арыз жаздым, – дейді ол.
«Зорлау» бабы бойынша тергеу басталған. Іс кейін жабылған, бірақ жәбірленушінің бас прокуратураға жазған шағымдарынан кейін ол қайта жанданды. Түркістан облыстық полициясы аталған тергеу департамент басшылығының жеке бақылауында екенін хабарлады.
«Қылмыстық іс жаңартылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, аталған өтініш беруші тиісті тапсырма берілген Түркістан облысы ПД бастығына жеке қабылдауға жүгінгенін хабарлаймыз» деп мәлімдеді ведомоствадан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық