Түркістандағы 9-cынып оқушысының өліміне қатысты тың дерек шықты
Түркістан облысында 15 жасар жасөспірімді өлтірді деп күдікке ілінгендер туралы жаңа деректер жарияланды. Төрткүл ауылының 9-сынып оқушысы Орынбай Аружаннан сол мектепте оқитын 11-сынып оқушысы мен 19 жастағы ауылдасы 1 млн теңге бопсалаған. Қажетті қаржыны тауып бере алмаған жағдайда оқушы қыздың жалаңаш суретін әлеуметтік желіге жариялаймыз деп қорқытқан.
Мұндай қомақты қаржыны таба алмаған 15 жасар қызды бірнеше рет пышақтап, денесін суға ағызып жібергені туралы туыстары айтты.
Қазір күдіктілер қамауға алынып, тергеу ісі жүріп жатыр. Алайда марқұмның туыстары күдіктілер айыптан сытылып, жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені ұсталғандардың бірі бұрынғы әкімнің ұлы, ал екінші күдікті де ауқатты отбасынан шыққан.
КТК телеарнасы Аружанның үйінен соңғы мәрте сыртқа шыққан сәтінің бейнекамераға түсіп қалғанын хабарлады. Аружанның «ақырғы бейнесін» көрші үйдің қорасына қойылған құрылғы жазып алған. Деректерге қарасақ, түнгі он екілер шамасында әлдекіммен телефон арқылы тілдескен қыз арық бойын жағалай жүреді. Ертесіне денесі бірер шақырым ұзақтағы арықтың ішінен табылады.
Әжесі немересінің кісі қолынан өлгеніне сенімді. Өйткені үйдің іргесіндегі арықтың маңы әбден қан-жоса болған. Күдіктілер ізін суыту мақсатында Аружанды өзіне қол салғандай көрсетіп, жарақаттаған, кейін арықтың ішіне тастаған дейді.
«Дыбысы шықпасын деп жаңағы 11-сыныптың баласы қолын артқа ұстап тұрған. Қайырып, анау пышақты екі рет ұрған. Одан кейін қыз құлаған. Кейін анау 11-cыныптағы балаға: «Қане, сен қолын кес» деген. Одан кейін ол қолын кескен. Арықтың жағасындағы қан дегенің көл көсір», - деді марқұмның әжесі Құрманкүл Салқынбекова.
Қара жамылған отбасы қыздың жалаңаш фотосын жалпыға жарияламас үшін күдіктілердің Аружаннан 1 миллион теңге талап еткенін айтады.
«Соңғы мәрте, алтысында қызым менен ақша сұрады. Сосын «Әкеңнен сұрашы» деген едім, «Мама, сіздер ондай ақшаны тауып бере алмайсыздар» деді. Менің қызымның күліп ойнайтын әдеті бар еді... Содан соң, «Неғыласың ол ақшаны?» деп қайта-қайта сұрап едім, «Мама, мен шетелге кетем» деді. Міне, шетелге кетті ғой. Осы екі бала бопсалаған. «Ақша бермесең, масқараңды шығарам, сенің суретіңді шығарам» деген», - деді марқұмның анасы Динара Зілғараева.
Мектеп мұғалімдері бұл қылмысқа қатысы бар деп айып арқалаған күдіктінің мінезі жуас болғанын, өзін мектеп өмірінде тек жақсы жағынан көрсеткенін айтып отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық