Түркістанда жеке тұрғын үйде жарылыс болып, 4 адам жан сақтау бөліміне түсті
21 наурыз күні кешке Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, 4 адамды күйік шалды. Олардың үшеуі - балалар.
Жарылыс кешкі сағат жеті жарым шамасында болған. Үйдің ішіндегі 30 жастағы әйел мен оның 2,4,6 жастағы үш баласын күйік шалған. Төрт адам да жан сақтау бөліміне түскен.

— Кешке үйге келе жатсам қатты жарылыстың дауысын естідім. Келсем адамдар үйдің ішіндегі балаларды шығарып жатыр екен. Балаларды көлікпен облыстық балалар ауруханасына жеткіздік. Жедел жәрдем қызметі жеңгемді қалалық ауруханаға жеткізді. Жағдайы өте қиын. Дәрігерлер оларды 70-90 пайыз күйік шалған деп айтты. Үй толық өртеніп кетті, - дейді жарылыс болған үйдің туысы әрі көршісі Ерсұлтан Берденов.
Оның айтуынша, балалардың әкесі Түркияда жүк көлігін айдайды. Жарылыс болған кезде жұмыста болған. Қазір Қазақстанға қайтуға билет алған.
— Жарылыстың неден болғаны белгісіз. Өрт сөндірушілер үйден газ балонын алып шықты. Бірақ жарылмаған екен деді. Үйге табиғи газ тартылған, - деді Берденов.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы төрт адамның ауруханаға түскенін, әйелдің денесін 90 пайыз, балалардың денесін 65-85 пайыз күйік шалғанын растады. Төртеуі де жан сақтау бөлімінде, жағдайлары өте ауыр.
«ҚазТрансАймақ» акционерлік қоғамы оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

«Оқиғаға газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Нақты қай газ түрі екені анықталу үстінде. Үйде газ балоны да қолданыста болған. Үйден редукторы жұмыс істемейтін 25 литрлік газ балоны табылған. Тұтынушы тарапынан газ желісіне алғашқы қосылу бойынша төлем жасамауына байланысты, филиал тұтынушыны газ желісіне қоспаған. Тұтынушының газ желісіне өз бетінше қосылғандығы анықталды» делінген хабарламада.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті мен газ мамандары сараптама жұмыстарын жүргізуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық