Түркістанда суға кеткен үш адам құтқарылды
Бәйдібекте суға кеткен үш адам құтқарылды. Олардың бірі - бала. Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Байтақ ауылының маңында тасыған суға көлігімен бірге ағып кеткен үш адам құтқарылды. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Департамент мәліметінше, жауын суына көлігімен қоса ағып бара жатқан үш тұрғын құтқарылған. Олардың бірі 2014 жылы туған бала. Екеуі - ер адам. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге жеткізілген.
Бұдан бұрын әлеуметтік желіде тасыған судың ортасында қалған көліктің үстіне шығып көмек сұраған адамдар туралы видео тараған.
Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан Кентау, Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Сауран, Ордабасы ауданындағы бірнеше ауылды су басты. Түскі мәлімет бойынша жауын тоқтап, судың беті қайтқан. Қазірге шығын көлемі белгісіз. Қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтерілген.
Су тасқынына байланысты Сауран ауданында 7 мектеп онлайн оқуға көшкенін Orda.kz тілшісіне облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы хабарлады. Ал қалған аймақтардағы оқушылардың жайы әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық