Түркістанда қаржы пирамидасына байланысты 25 адамға үкім шықты
7 қазан күні Түркістан қалалық соты «Индиго» және «Evolution Corporation” қаржы пирамидасына байланысты 25 адамға сот үкімін оқыды. Күдіктілер ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидаларын құрып және оларға басшылық жасағаны үшін 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сот дерегінше, «Evolution Corporation” жауапкершілігі шексеулі серіктестігінің директоры Дәурен Қазыбекұлы мен оның сыбайластары 2017-2020 жыл аралығында Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облысы мен Шымкент, Алматы, Астана қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Олар «Evolution Corporation” және «Индиго» қаржы пирамидасын жүргізген. Іс мың томға жеткен. Жәбірленушілер саны – 2087. Сотталушылар тағылған айыпты мойындамайды.
Прокурор айыпталушы Дәурен Қазыбекұлын 10 жылға, Зәмзәгүл Аринфендина мен Айгүл Өсімбекованы 9 жылға, Нағима Жолдыбаева, Бибінұр Тәжібаева, Бақытгүл Төрехожаева мен Мақпал Берікбаеваны 8 жылға, қалған күдіктілерді алты жарым жылға соттауды, мүлкін тәркілеп, коммерциялық және қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыруды сұрады.
Бірақ сот Қазыбекұлы, Арифендина, Өсімбекованы 12 жылға, Жолдыбаева, Тәжібаева, Мүталіпова, Төрехожаева, Берікбаеваны 10 жылға, қалған айыптаушыларды 8 жылға бас бостандықтарынан айырды.
Сотталушылраға жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары толық қанағаттандырылды.
Судья үкімді төрт сағат оқыды.
Бұдан бұрын Шымкенттегі Сәуле ықшам ауданында орналасқан ИЧ-167/11 түзеу мекемесінің алдына жиналғандар айыпталушылардың кінәсі дәлелденсе мүлкін тәркілеп, қарызын өтеуді міндеттеуді сұраған.

Сотталушылар Қылмыстық кодекстің «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы (217-бап), «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» бабы (262-бап), «Алаяқтық» бабымен (190-бап) күдікке ілінген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық