Түркістанда емші жын кірген қызды жынысы арқылы емдемек болды
Түркістан облысында кірген жынды жыныс мүшесінен шығарамын деген емші халықты шошытты.
Бұл туралы сaravan.kz «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызының ауруына ем іздеген ана Жанар Досболқызы емшіден зәбір көргенін айтты.
– Қызым құлап қалып есінен танады, талмасы ұстайды. Аузынан ақ көбік ағады. Тырысып қалады. Ер адамның да күші жетпей кетеді. Күш пайда болып кетеді. Тырысуы бір сағатқа созылады. Бұрын сезбейтін. Қазір алдын-ала тырысып қалатынын сезеді. Бұдан алдын невропатологқа апарғанмын. Бәрі жақсы деген. Бірақ, бұл ауру жалғаса берген соң, емшіге апаруды жөн көрдім. Бәрі мақтап, жақсы емші деген соң осы Данияр Смайылов деген емшіге апардым. Бірақ, ол қызымды бөлмеге оңаша алып кіріп, жыныс мүшесін уқалағанын айтты.
Жын ауызбен кіреді, жыныс мүшесі арқылы кіреді. Мен бәрін жасап жатырмын. Негізі жыныс мүшесі арқылы шығарса жақсы болады деді. Мен басым айналып қалды ма, сендім енді. Миым істемей қалды. Ол бір сіздің қызыңыз емес, мен талай әйелдерді солай жасағам деді. Сол арқылы шығады, тап-таза болып. Көресіз көзінен от жарқ ете қалады, мен оны жұлып аламын деді, – дейді қыздың анасы.
Ауырып ем іздеп барып, қорлық көрген қыз алданып қалғанын айтып, жыларман болды. Сұмдық оқиғаны басынан өткізген бойжеткен істің қалай болғанын өзі айтып берді.
– Неге тұрсың, бол, шешін. Бұрын қанша рет болдың? Астың тар екен, былай уқаласа қояды деп мені алдап, уқалады, қорламақ болды, – деді бойжеткен.
Ал әлгіндей арсыз іске барды деген емші Данияр Саймасаев барлығын жоққа шығарды.
– Мен ондай ештеңе жасамадым. Бұл маған жабылып отырған жала, зина деген нәрсеге жолаған емеспін, өзі ауырып жатқан адамға қалай олай істеймін деп ештеңені мойындамай отыр, – деді емші.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық