Түркістанда диқандардың президентке үндеуінен соң оларға көмек берілетіні хабарланды
Түркістанда диқандардың президентке үндеуінен соң оларға көмек берілетіні хабарланды.
Демалыс күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қар басып, үсіп қалған жылыжайлардың біріне жиналған шаруалар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, көмек сұрады. Облыста 167 шаруаның 36 гектар жылыжайы ауа-райының қолайсыздығы мен көмір тапшылығынан үсіп қалған.
«Бүгінгі күрделі мәселе - көмір тапшылығы. Егінін егіп, үйін тігіп кредитке алған ақшасын оған құйғандар қауіп астында. Көмір тапшылығынан артымыздағыдай жылыжайлар құлап, еңбегіміз көкке ұшты. Көмір тапшылығын жергілікті өкілетті органдар шешіп бере алмады. Сізден көмек сұраймыз. Тез арада көмір жеткізіп беруді сұраймыз» дейді шаруалардың бірі. Оны жиналған жетпіске жуық адам қолдап, «Көмір жеткізілсін!» деп бірнеше рет айқайлайды.
Видеоүндеуді Orda.kz тілшісіне жіберген диқандардың айтуынша, демалыс күндері түнде Сарыағаш, Келес аудандарында кезекке тұрғандар көмірге таласып қалған. Олар жіберген кезекті видеодан көмір сатып алуға келгендерді полиция бақылап тұрғаны байқалады.
Көп өтпей облыс әкімдігінің баспасөз қызметі жылыжаймен айналысатын шаруаларға көмек берілетінін хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, облыстағы 167 шаруаның 36 гектар жылыжайы қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түскен. Аймаққа қажетті көмір жеткізіледі.
«Әкімдік тарапынан тауар өндірушілердің мүлкіне келтірілген нұқсан жөнінде акт ұсынылған жағдайда қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін 1 жылдық мерзімге кейінге шегеру жөнінде ұсыныстар жолданады. Сондай-ақ зардап шеккен жылыжайларға қаржы ұйымдары арқылы жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етуге жұмыстар атқарылды» делінген хабарламада.
Өткен аптада ондаған диқан жылыжайларындағы егінді үсік шалып, қарайып кеткенін айтқан. Олар мұны көмір тапшылығы мен ауа-райының қолайсыздығынан көрген. Диқандар көмір тапшылығы туралы екі ай бұрын айтылса да, нәтиже болмағанына наразы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық