Түркістанда автобус пен «Газель» соқтығысты

cover

13 қазан күні Түркістан қаласында жолаушылар таситын автобус пен «Газель» автокөлігі соқтығысып, бір адам қайтыс болды. Бес адам ауруханаға түскен.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға таңертең Самара-Шымкент тас жолында болған. Қарсы бағытқа шығып кеткен «Газель» көлігі жолаушылар автобусын соққан.

Оқиға орнында автобус жолаушыларының бірі дене жарақатынан қайтыс болды. Тағы бес жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабымен (345-бап) қылмыстық іс қозғалған. «Газель» көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Сараптама тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар