Түркістан облысында жауын суына 2 жасар бала тұншығып қайтыс болды
26 қазанға қараған күні Түркістан облысында нөсер жауын жауып, Сарыағаш, Бәйдібек және Қазығұрт аудандарында бірнеше тұрғын үйдің ауласын су алды. Жауын суына 2 жасар бала тұншығып қайтыс болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досәлиевтің хабарлауынша, жауын түнімен жауған. Үш ауданда тұрғын үй аулаларын су алған.
– Сарыағаш ауданында екі мал қораға су кіріп, оннан аса мал суға тұншығып өлген. Қазығұрт ауданында бір қора құлады. Осы аудандағы тұрғын үй ауласындағы қазылған шұңқырға жауын суы жиналып, оған 2 жасар бала түсіп, тұншығып қайтыс болды, – дейді басқарма басшысы.
Жауын әлі жауып тұр. Төтеншеліктер жұмысын жалғастырып жатыр.

Департамент тұрғындарға қажетті заттарын, атап айтқанда, жеке бас құжаттарын, дәрі-дәрмектері мен ас-суын дайындап отыруды, су алған жағдайда оқиға орнынан бірден кетуді, балалар мен мүгедек адамдарды жалғыз қалдырмауды ескертті.
Жаңалықтар
- Жолаушыларға лық толы ұшақта портативті қуаттағыш атылып, бүкіл әуежай әуре-сарсаңға түсті
- Президент Ұлытау облысының жаңа әкіміне өңірдің тұрмыс сапасын жақсартуды тапсырды
- Театр ардагері Бижамал Кемалова өмірден өтті
- Салық органдары кәсіпкерлерге қызметкерлердің жалақысын көтеруді жаппай талап ете бастады
- Алматыда биыл 105 лифт ауыстырылады
- Цифрлық майнинг: 2 млрд теңгенің заңсыз криптовалюта операциясы немен аяқталды?
- КҚК Новороссийск арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады
- Президент Тоқтар Әубәкіровті 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
- 9 ай бойы дұрыс емдемеген: БҚО-дағы аурухана қайтыс болған науқастың отбасына өтемақы төленеді
- Алматыда жер сілкінісін ерте ескерту жүйесі күшейтіліп жатыр: 35 жаңа сейсмобекет салынды
- Немересі әжесінің мәйітімен бірге крематорий пешіне секірді
- Астанада автосалон жұмысшысы клиенттердің көлігін сатып жіберген
- Қазақстандық турист Ыстықкөлде 14 жастағы қызды соққыға жықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді құттықтады
- Аятолла Мұджтаба Хаменеи қарсылықты жалғастыруға шақырып, АҚШ-пен келісім шарттарын атады
- Қытай АҚШ-пен соғыс және Тайваньды басып алу сценарийлерін макет арқылы пысықтауда
- «Боратты» жарнамаға қосқан Shoqan бренді дауға қалды
- Джеки Чан Қазақстандағы кеште Miyagi мен Нұрлан Сабуровпен бірге көңіл көтерді
- Иран: АҚШ-қа 20 млрд доллардан астам шығын келтірдік
- Алматыда түнгі жол апатынан екі қыз қаза тапты