Түркістан облысында жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген жүздеген мұғалім анықталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыстық қоғамдық комиссия отырысында облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағы (бұрынғы білім басқармасы – ред.) бірнеше былықтың шетін шығарды. Басқарманың бұрынғы басшысы Рахымбек Жолаевтың жұмыстан неге босатылғаны айтылды.
Департамент өкілі Сәбит Әсілбектің мәліметінше, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде жеке меншік балабақшаларға жұмысқа орналастыруда жүйелі түрде жемқорлыққа жол берілгені, цифрлық сертификаттардың қолдан жасалынғаны анықталған. СЭС тарапынан мектеп директорларын қудалауды тоқтату жайы көтерілген.
- Жүргізілген жұмыстардан кейін облыстық басқарманың басшысы Рахымбек Жолаев атқарған қызметінен босатылды, - дейді Әсілбек.
Департамент мониторингтен кейін басқарманың жұмысына сыртқы талдау жүргізген. Талдау кезінде жалған дипломдарды пайдалану, сотталған педагогтарды жұмысқа алу, сапасыз оқулықтарды сатып алу сияқты бірнеше заңсыз әрекеттер анықталған.
- Мысалы, Арыс қаласы, Шардара, Сауран ауданында қылмыстық жауапкершілікке тартылған 90 мұғалім жұмыс істеп жүрген. Олардың ішінде есірткі немесе психотроптық заттармен байланысты сотталған, ұрлық жасаған, пара берген не алған, қарақшылық сияқты қылмыс жасаған адамдар бар. Бұл мектептегі қылмыстың өсуінің бір себебі болып табылады, - дейді басқарма басшысы.
Сәбит Әсілбектің айтуынша, бұдан бөлек жұмыс тобы жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген жүздеген мұғалімді анықтаған. Түркістан, Кентау қаласы мен Сауран ауданында Қазақстандағы жоғарғы оқу орнында оқыды деген - 128 мұғалімнің дипломы, шетелде оқыған деген 196 мұғалімнің дипломы жалған болып шыққан.
- Бұл факт заң талаптарын бұзумен қатар жалған диплом ретінде қабылданады. Облыста 65 мыңға жуық мұғалім жұмыс істейді. Олардың дипломдарының дұрыстығын тексерген жағдайда бұдан да көп жалған дипломды пайдалану дерегін анықтау қаупі бар, - дейді Әсілбек.
Жалған дипломмен жұмыс істеу дерегін Orda.kz тілшісіне облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы да жоққа шығармады.
- Педагогтардың жалған құжат рәсімдеуін тергеп-тексеру үшін облыстық полиция департаментіне ресми хат жолданды. Қанша мұғалімнің құжаты жалған екені белгісіз, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.
Жалған дипломмен жұмыс істеген және оларды жұмысқа алғандардың үстінен Қылмыстық кодекстің қай бабымен іс қозғалып, тергеп-тексеру жүріп жатқаны жөнінде әзірге полиция ақпарат бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады