Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесінің сегіз фактісінің жолы кесілді
Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесінің сегіз фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
«Түркістан облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағашта ойын бизнесін ұйымдастырудың сегіз фактісінің жолын кесті» делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, Сарыағаш ауданының екі тұрғыны осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталғанына қарамастан, заңсыз ойын бизнесі – электронды казиноны қайта ұйымдастырған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз әрекетінен ай сайынғы табысы 1 миллион теңгеден астам ақша, аппараттық-бағдарламалық кешен, техникалық құралдар, құжаттар, ақша және басқа да заттай айғақтар тәркіленді.
«Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында қылмыс жасауға қатысы бар басқа адамдардың да кінәсі анықталады. Барлық мән-жай анықталуда» деді полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық