Түркістан облысында қуаты 50 МВт күн электр стансасы салынады
Сурет: gov.kz
Бұл туралы облыстағы Қазығұрт ауданының әкімі Әзизхан Исмаилов мәлім етті, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі. Жобаның құны – 23,8 млрд теңге.
Түркістан облысында жыл соңына дейін қуаты 50 МВт күн электр стансасы салынады.
«Биыл 26,7 млрд теңге болатын 12 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде Шанақ ауылдық округінде құны 23,8 млрд теңгеге жалпы қуаты 50 МВт күн электр стансасын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда жер мәселесі толығымен шешілді, инвесторлармен меморандум жасалды. Сондай-ақ, 25 жаңа жұмыс орны бар құны 1,1 млрд теңгені құрайтын мал сою алаңын салу мәселесі қарастырылуда. Оның жалпы қуаттылығы жылына 10 000 бас ірі қараны. Сонымен қатар, «Ынтымақ» өндірістік кәсіпорнында қуаттылығы 1,3 МВт ГЭС салынуда. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 23,1 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 66,7 млрд теңгеге жетті», - деді Әзизхан Әзімханұлы.
Мемлекет басшысының «Ауыл аманаты» жобасы аясында Шарбұлақ және Шанақ ауылдық округтерінде пилотты жобалар енгізілуде. Атап айтқанда, Шарбұлақ ауылдық округінде сүт бағытындағы жоба, Шанақ ауылдық округінде ет өнімі жобасы жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру туралы тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 1421 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар екі есе артығымен орындалған.
Биыл 1152 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Үш айдың қорытындысы бойынша 309 жаңа жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың соңына дейін аудандағы 62 елді мекеннің 59-ы ауыз сумен, 49-ы табиғи газбен, 98,4 пайызы орталықтандырылған электр желісімен қамтылады. Әкімнің айтуынша, өткен жылы Қазығұрт өңірінде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 65 жоба жүзеге асырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық