Түркістан облысында митинг туралы жалған видеоның авторын іздеп жатыр

cover

Белгісіз ер адам түнгі жолда жиналған жұртты видеоға түсіріп, болып жатқан оқиғаны жанар-жағармай бағасының өсуіне қарсы митинг деп атады. Полицейлер хабарламаның жалған екенін анықтады.

Жанармай бағасының қымбаттауына байланысты белгісіз біреу Қазақстанның барлық қалаларын митингке шығуға шақырып жатқан кадрлар бір күн бұрын тарай бастады. Автордың айтуынша, бейнежазбада ҚМГ жанар-жағармай құю бекетінің маңында, Самара-Шымкент тас жолында ер адамдардың көптеп жиналғанын көрсетілген.

«2023 жылдың 13 сәуірінде сағат 04.30 шамасында Сайрам ауданының құзырлы органдары оқиға орнына жөнелтіліп, полицейлер ақпараттың жалған екенін анықтады. Яғни, 2023 жылдың 12 сәуірінде жол бойында көлік жарысы ұйымдастырылған, оны келген полицейлер тоқтатып, жиналғандар үйлеріне қайтарылды», - деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудандық ішкі істер бөлімі жалған ақпарат таратқан видеоның авторын қазірдің өзінде іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар